Бір ақсақал қатты сырқаттанып жатса керек. Туған-туыстарының үміті үзіліп, енді имансуын беруге дайындық жүргізіп жатады. Киіз үйдің іргесі түрулі тұрады. Ақсақалды қаумалаған жұрт тым-тұйық мұңға батып отырған сәтте, кер маралдай керілген бір әдемі қыз үй іргесінен өтіп бара жатады.
Отырған жұрт:
— Шіркін-ай, мына қыздың әдемісін-ай! — деп жапатармағай тамсанса керек.
Бұл дабырға елең еткен әл үстінде жатқан қарт жалма-жан басын көтеріп алып:
— Тамсанып отырған қыздарың қайсы? — деп мойын бұрып, — па, шіркін-ай, десеңші! — деп сұлу қызға көзінің қиығымен қиыла қараған екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі