Ертеректе құда-жекжаттардың арасында өзара қарым-қатынас қарыштап тұрған кезде Көктеубай деген ақсақал артынып-тартынып, алыстағы құдасын іздеп барады. Көп жыл көріспеген жекжатына жеткен соң сағынысып қалған құдасы қуанып, қол қусырып, тайын сойып, кішігірім той жасайды.
Қазақтың салт-дәстүрі бойынша Көктеубайды құдалары құдайша сыйлап, қонақасыны молынан асып, тайдың етін тайқазанға толтыра салады. Алыстан атсоқты болып, шаршап-шалдығып, ашығып келген Көктеубай буы бұрқыраған жас жылқының етін ашкөздене жеп, сорпасын көбірек ішіп қойса керек. Жылқының жас сорпасы асқазанына жақпай «қозғау салыпты». Құдағиы аумағы алты қадамдай ғана киіз үйдің төріне Көктеубай құдасына төсек салып береді. Шам сөніп, жұрт жаппай ұйқыға кеткен кезде шалдың асқазаны ойран-топан болып, амалсыздан орнынан тұрып, сыртқа шықпақ болады. Құдай төбеден атқанда, түндігі жабылған қараңғы үйдің есігін таба алмай, қарт қатты сасады. Зор келгенде төрдің төбесіне отыра қалып, былайша «өлеңдетеді»:
— Бұл үйің қазақ үй ме, шошала ма,
Жанымды үш күн бұрын осы ала ма?
Құдағи, орныңнан тұр, шамыңды жақ,
Құдаңыз аман-есен «босана ма»...
Бір жағы әзілге, бір жағы шындыққа жанастырып айтқан әзіл өлеңді естіген құдағи орнынан тұрып, шамын жағып, есікті ашып, құдасы сыртқа шыққан екен.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі