Өлең, жыр, ақындар

Жаманқара күйші

Бір күні атақты бір бай Жаманқара күйшіні шақырып алады.

— Әй, күйші, — дейді ол, — менің кіші тоқалымды күйіңмен ұйытып, ісінен жаңылдырсаң, астыңа ат мінгіземін, жетегіңе түйе беремін. Ал бұл шартты орындай алмасаң, сен домбыра тартуды қоясың.

— Мақұл, — дейді күйші. Ол кезде күйшінің нағыз бабында жүрген шағы екен.

— Ендеше, ол қазір үйге келіп қамыр илейді. Сол кезде сен күйіңді бастайсың.

Сөйтіп, келіншек қамырды илеуге кірісе бергенде, күй де күмбірлей жөнеледі. Арқаланып кеткен күйші қанша күй тартқанын білмейді, келіншектің қолы табақтан шығып кетіп, жер илеп отырғанын байқайды. Ал байға қараса, қабағы түйіліп, жерге қарап отыр екен. Күйші күйді шорт үзіп тастайды да:

— Байеке, шартты орындаңыз, — дейді. Ұялған бай шартты орындау үшін далаға шығып жүре берген екен.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз