Балқаштағы сарыүйсіндердің бір сері жігіті рулы елден қыз таңдап, жақтырмапты. Ақыры Қудағы қаракесек, шаншар ауылдарының біріне келеді. Мұнда бір орта шаруа адамының төрт қызы бірдей сұлу, шешен екен. Жерлес жігіттер қанша қызығып, құмартса да өнер асыра алмай, сөз айта алмай жүріпті.
Үйсін жігіт қонған үйінің иесі жөн сұрағанда: «қыз көрейік деп едік» десе керек. Шаншардың төрт сұлу қызы оны түнде сезіп, таңертең «қыз көретін жігітті біз көрейік» деп, қонақтар ақ отауда отырғанда өздері кіріп келеді. Төрдегі серіні байқаса, мұрны қоңқақ, жағы сопақтау екен.
Төрт қыздың біріншісі тұрып:
— Бәрекелді, міне, мұрын, — дейді.
Екінші қыз тұрып оған:
— Көрген жоқ па ең бұдан бұрын? — дейді.
Үшінші қыз тұрып:
— Өзінің үстіне шығып қарауыл қарар ма еді, — дейді.
Төртінші қыз тұрып сонда:
— Е, қараса, көрінер еді Семейден Омбы бұрын, — депті.
Қыз таңдаған жігіт бетінен оты шығып, үндей алмай, қайтып кетіпті.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі