Ақмола дуанының бастығы Ыбырай төре Тоқа Шоң дейтін байдікіне түстенеді. Дуанбасы лау мініп жүреді екен. Шоңның Таңшолақ дейтін бас жылқышысы төренің пәуескесіне жегуге екі асау құр ат ұстатып әкелгізеді.
Дуанбасы түстік жеп, тысқа шықса, поштабайлары әлгі аттарды пәуескеге жегу түгіл, басына ие бола алмай жатыр екен. Ат осқырып аспанға шапшығанда, дуанбасы Ыбырай:
— Қазақтың өзі түгіл, малы да ақымақ, тентек екен-ау, — деп мысқылдайды.
Таңшолақ оған сонда:
— Елім естек емес, жылқым мәстек емес. Біздің Қуандықтың қаз мойын, апай төс тұлпарлары осындай өр мінезді келеді. Мінуге қорықсаң, жаяу жүре бер, — депті.
Дуанбасы Ыбырай қатты намыстанып, бірақ қарсы айтар сөз таба алмаған соң, нөкерлерінің екі атын пәуескеге жекті ріп, жаңағы асау аттарды мінбей кетіпті.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі