Неге болса да қызғаншақ бір кісінің үйіне бір жолаушы келіп қоныпты. Қызғаншақ жолаушыдан көзін алмай: «әлдене қылып жүрген адам» деген оймен таң атып, үйінен кеткенше аңдумен болыпты. Кетер мезгілінде жолаушы жөтеліп қалғанында қызғаншақтың әйелі де жөтеліп қалыпты. Одан жолаушы түшкіріп қалғанында, әйелі әдейі келіскендей түшкіріп жіберіпті.
Жолаушы кеткен соң қызғаншақ әйеліне:
— Е... сенің бұл жолаушымен бір шатасың бар екен ғой. Әйтпесе тегіннен- тегін ол жөтелсе жөтеліп, түшкірсе түшкіріп жұмбақтасқандарың жай емес. Мен бұл қорлықты көргенше қаңғырып өлейін, — деп әйелін тастап, қаңғырып отырып бір елге қоныпты.
Жолда тымау тиіп, қонған үйінде жөтеліп қалғанында, үй иесінің де әйелі жөтеліп жіберіпті, одан енді түшкіріп жібергенінде, әдейі аңдып отырғандай әйелі де түшкіріп қалыпты. «Бұл қалай» деп таңданған қызғаншақ байқап отырса, өзі сықылды әйел де тымауратып отыр екен. Содан дереу әйелінің сол күні тымаумен ауырғаны есіне түсіп «мен әйелімді бостан бос қызғанған екенмін ғой» деген ой ақыл-есіне кіріп, әйеліне қайтып келіп, қызғаншақтығын қоюға ант берген екен.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі