Қазіргі Қостанай облысы, Федоров территориялық управлениесінің орталығы Федоровка селосында Ахмет правитель тұрған. Бұл — Кенесары, Наурызбай ұрпағы, «төре тұқымы» деп аталады. Қарабалықтан тарайтын Қоңыр елінің Бөлебек деген ер көңілді, ұры, батыр жігітін ұстатып, Ахмет правитель үйінің босағасына байлатып қояды, себебі ол төреге қарсы болады. Ретін тауып төрені зияндап жүреді. Бөлебекті босатуды өтінген кісілердің арызын төре аяқ асты тастай береді.
Бөлебек аулына көршілес Тумеке-Әлімбет Елқонды деген бір көзі соқыр қарт екі соқыр кісіні қасына ертіп алып Ахмет правительге барып, Бөлебекті босатуды өтінеді. Елқонды кезінде сөзі сыйлаулы, белді азамат болған. Ахмет правитель:
— Мал-жанымды түгел сұрасаң да берейін, ал Бөлебекті ауызға алмаңдар! — деп кесіп айтады. — Оның қылғаны аз емес, сазайын тарттырамын!
Ахмет правительдің сөзге тоқтамасына көзі жеткен Елқонды:
— Ай, қалқам, Бөлебек! Қаншама жерден екі жарымжан арып-ашып, сені сұрай келіп отырмыз. Төре сөзімізді сыйламады, өзімізді сыйламады, сөзімізді тыңдамады. Екеуара бір көз бар, тәңірі атқанға не сөз бар! Шұбарда бір қатын буаз шығар, ұл туса, атын Бөлебек қоямыз тағы! — деп, төренің төрін қамшымен осып-осып жібереді де кете береді.
Екі соқыр жаяулап елден ұзаған кезде, төре әйелін шақырып алып:
— Ойпырмай, әлгі кісінің мазасы қалай қатты еді, айтқан сөздері тыныштығымды алып барады, шақыршы, тілегін берейін, — депті.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі