Ертеде бір ақ көңіл әйел тігіншіге көйлек тіктіруге келіпті. Тігінші әбден жемқорлыққа үйренген алаяқ екен.
— Мынау — байқоспасы, мынау — байқоспасының түбі, — деп, әйелден бір көйлектің орнына екі көйлектік мата алып қалыпты. Әйел үйіне келгеннен кейін, болған оқиғаны күйеуіне айтқан екен. Күйеуі:
— Ойбай, байғұс-ау, сені жаман алдаған екен! — депті.
Онсыз да өзінің алдағанын біліп не істерін білмей тұрған әйел:
— Қайтейін, атын атап-атап алды ғой! — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі