Қазақстанның таулары бүкіл әлем туристерінің сүйікті демалыс орны болып табылады. Қазақ таулары өздерінің табиғи ландшафты, сирек кездесетін флорасы мен фаунасынан басқа биік таулы аймақтарда орналасқан шипажайларымен, сондай-ақ альпинистер лагерьлерімен де белгілі.
Қазақстанның таулары биік таулы және аласа таулы аймақтарға бөлінеді. Аласа таулы аймаққа Орталық Қазақстанда орналасқан Сарыарқа жатады. Сарыарқа батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі – 500-600 м. Дала деп аталса да, Сарыарқада тау шыңдары да бар. Олардың ішінде ең биіктері – Ақсорған (1565 м) және Қарқаралы таулары (1403 м). Сарыарқа солтүстігінде Батыс-Сібір жазығымен, оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл жерді «қазақстандық Швейцария» деп атайды.
Аласа таулы аймаққа сонымен қатар Мұғалжар – аса биік емес тас тізбегі, Орал тауларының оңтүстік сілемі жатады. Мұғалжардың ең биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырым. Тау өз бастауын Шиелі және Терісбұтақ өзендерінен алады. Тас тізбегінен оңтүстікке қарай Үлкен борсық құмды шөлі жалғасады. Ол Арал теңізі мен Мұғалжарды бөліп жатыр. Каспийдегі Маңғыстау тауларының оңтүстігінде Қазақстанның ең төмен нүктесі - Қарақия орналасқан.
Қазақстанның кең байтақ жері Орта Азияның көптеген облыстарымен шектесіп жатыр. Еліміздің оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысын әлемдегі ең үлкен тау жүйелері – Алтай мен Тянь-Шань орап жатыр. Қазақстанның солтүстік-шығысын Алтай – Алтай-Саян аталып кеткен алып тау жүйесінің бір бөлігі алып жатыр. Шекарасы Зайсан көлі мен Байқал көліне дейін созылған. Қазақстанға оның тек оңтүстік-батыс аймағы ғана енеді. Оңтүстік шекарасы – Қара Ертіс өзенінің бассейні және Зайсан көлі, батысы – Қалба жотасы. Жер бедеріне байланысты қазақстандық Алтай үш аумаққа бөлінеді: Оңтүстік Алтай, Батыс (Кенді) Алтай және Қалба жотасы.
Марқакөл – Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді.
Басын қар шалған, мәңгі мұздықтар мекені Мұзтау Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан. Қытай мен Моңғолия қол созым жерде тұр. Шығыс және Батыс Мұзтау мен Делоне шыңдарын қосатын тау массиві Мұзтаудың негізін құрайды. Қойнауы аңыз бен тарихқа толы Мұзтау киелі орындардың бірі. Мұзтау аңызға толы өлке. Бұл жаққа аяқ басқандар міндетті түрде бір жоғын іздей келеді. «Жердегі жұмақ – Шамбала» да, ғарыштан келген қонақтар да осында деген бір-бірінен өтетін аңыздар қаншама. Ал жанына сая, көңіліне сабыр іздеп келгендер мүлгіген тастар мен аспанмен таласқан шыңдар арасынан адам әлі табиғаттың бір кішкене бөлшегі екенін түсініп қайтады.
Шынымен Азияда кең таралған аңыздарға сенсек, Мұзтау адамзаттың болашағы саналады. Соның бірінде болашақта жер бетінен адамдар жойылады, сол кезде суға жан берер мұздығы, адамға пана болар орманы, қазынаға толы алаңы бар Мұзтау ғана соңғы арал болып қалмақ. Сол себепті Мұзтау киелі орын саналады. Тәу етеді. Мұзтау «жер кіндігі» дегенге сенеді. Ғарыштың энерегиясымен тікелей байланысы бар Алтай адамға денсаулық пен шымырлық береді, киесіне бас ұрған адамға жаңа мүмкіндіктер ашады деген наным әлі күнге дейін бар.
Батыс Алтай қойнауындағы мырыш, алтын, күміс, қорғасын т.б. пайдалы қазбаларымен атақты. Бұл аймақты Кенді Алтай деп те атайды.
Қалба жотасы Алтай тауларын батыс жағында Сарыарқамен жалғастырып жатыр. Қалбаның ең биік нүктесі – Сарышоқы (1600 м).
Қазақстанның келесі ірі тау жүйесі – Жоңғар Алатауы. Қазақстанның шығысында, Қытай мен Қазақстанның шекарасы, Іле мен Алакөл өзендерінің аралығында орналасқан және батыстан оңтүстік-батысқа, солтүстік-шығысқа созылып жатыр. Жоңғар Алатауының жалпы ұзындығы – 400 шақырым. Орташа биіктігі – 3580 м. Жоңғар Алатауының солтүстік бөлігі ең ұзын тау тізбегі, оның тау шыңдары 4560 метрге жетеді. Мұнда әлі күнге дейін таутекелер, арқарлар, қарақұйрықтар мекен етеді. Барсакелмес аралынан құландар әкелінген. Аймақ көненің көзі саналатын ескерткіштерге бай: тасқа салынған суреттер, қорғандар әлі де зерттеліп келеді.
Түрген шатқалы ыстық бастауларымен, сарқырамаларымен, қалың ормандарымен, өзендерімен, шипалық өсімдіктерімен, жеміс-жидектерімен танымал. Ең басты байлығы – сарқырмалар. Олардың саны жетіге жуық. Аюлы Сарқырамасы 30 метр биіктікте құлайды және айналысындағы шыршалары көрген көзді ынтықтырады. Жартастарда мұз дәуіріне дейінгі өсімдіктердің іздері қалған.
Қазақстанның оңтүстік-шығысын Тянь-Шань таулы аймағы алып жатыр. Республикамызға Орталық, Батыс Тянь-Шань және Солтүстік Тянь-Шань (Күнгей Алатау, Шу-Іле Алатау, Желтау, Айтау, Қырғыз Алатауы енеді) тауының барлық бөлігі кіреді. Тянь-Шань тауларында Қызыл кітапқа енгізілген қар барсы мен Тянь-Шань аюы мекендейді. Ал Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларында басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі – Хан-Тәңірі (6995 м) бар. Хан-Тәңіріне шығу – әрбір альпинистің арманы деуге болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ешмахан Нұр
Рахмет
Айнұр
Таулы жерлер
Дана
Рахмет үлкен
Нұрсұлтан Н
Қызық, пайдама жарады
Бека
Қазақстанның тауларына туристерді көптеп тартуға болады, экономикаға ақша құюдың бір жолы
Гулай
таулы жер
М.Шугыла7а
таулы жерлер өте керемет,тамаша,таңғалдым,бірақ дым таба алмадым