Посткеңестік кеңістік және ислам әлемі жоғары білім мекемелері арасында көшбасшылық танытып отырған ҚазҰУ 2019 жылы QS халықаралық рейтенгісінде Орта Азия жоғары оқу орны дарының ішінде тұңғыш болып әлемнің үздік университеттері арасында 207-орынды иеленді. ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуы бүгінде «al-farabi University Smart City» инновациялық платформасы негізінде жасалып енгізіліп ҚазҰУ-дың «Университет 4.0» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда. Университет 4.0 жоғары технологиялық және рухани-адамгершілік платформалардың симбиозына негізделген және жаңа буынды ел және әлем азаматтары ретінде жоғары білікті мамандар етіп тәрбиелеуді мақсат еткен бағдарлама болып табылады.
БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақты дамуы бойынша Жаһандық хабын қатарынан үшінші жыл басқарып отырған Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде таныстырған «Университет 4.0»моделі халықаралық деңгейде кеңінен тарату ұсынысына ие болғаны белгілі. Әлемдік білім кеңістігіне батыл қадам басқан ҚазҰУ –дың жоғары технологиялық платформаны дамыту аясындағы үздік тәжірбиелерінің бірі- «майкрософт» тарапынан мойындалған цифрлы университет құрды.
Қазақстанның жетекші университеті посткеңістік кеңістіктегі ЖОО-лар арасында қазақстандық «Әл-Фараби-1» және «Әл-Фараби-2» наноспутниктерін ғарышқа жіберген жалғыз білім ордасы.
Әлемдік білім кеңістігіне өз жетістіктерімен көрініп жүрген біршама ЖОО бар. Дегенмен де солардың ішінен орда бұзып озып шыққан әл-Фараби атындағы университеттің орны ерекше.
Байжанова Самал Нұрғабылқызы
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ магистранты
Жаркынбаева Роза Сейдалиевна
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі