Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, елімізді жоғары халықаралық деңгейге шығарған тұлға. Мемлекет басшысының көрегенділігінің арқасында Қазақстан әлем таныған ел болды, мемлекетіміздің дамытудың даңғыл жолын салды. «Қазақстан-2030» стратегиясы әлем саясаткерлерінің назарын аударды. Аяқталу мерзімінен бұрын өзінің межелеген мақсатына жеткен Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылды. Бұл бірден-бір тұңғыш Елбасының ерен еңбегі десек қателеспейміз.
Елбасы өмір жолы талай кітапқа арқау боларлық дүние. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Оқуда озат, білімге құштар болды, әсіресе кітап оқуға жаны құмар еді. Ол ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасында бастады. 1989-1991 жылдары Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы қызметін атқарды. 1991 жылы желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті. Ол ел басқарған 30 жылға жуық уақытта Қазақстан көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл-ауқатын көтерді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің білімділігін арттыру мақсатында түрлі шаралар, мерекелер өткізіледі. Атап айтар болсақ, университетiмiздiң профессоры Қозыбақова Фатима апайдың ұйымдастыруымен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тақырыбында филология және әлем тілдері факультетінің Шетел филологиясы мамандығы студенттері арасында конференция өткізілді. Конференция мақсаты – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектерін, оның халықаралық деңгейде жасаған елеулі істерін талдау. Конференцияда студенттер президенттің «Тарих толқынында», «Тәуелсіздік белестері», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы» секілді еңбектерінің бүгінгі күнде үлкен маңызы бар екенін ашып көрсетті. Халқымыздың ұлы тұлғасына айналған тұңғыш президентімізге деген құрметін көрсетті. Сонымен қатар оның «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалалары да талданды. Бұл шара студенттердің мәдени және рухани дамуына ықпал етті, ұлттық сана-сезімін дамытты. Мұндай бастамалар студенттердің шығармашылық қабілетін арттырып, ғылыми ізденісіне себепкер болады.
Елбасының ел басқарар қабілетін бағалай келе, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің айтқан мынадай пікірі бар: «Нұрсұлтан Әбішұлы — саясатта көптен, Кеңес дәуірінен келе жатқан тұлға. Мені қатты таңғалдыратыны — оның заман тынысын тап басып танитыны. Бұл қасиет — бүгінгі әлемді дөп басып сезіне алатын қасиет оған қайдан дарыған?.. Ол адал да әділ. Бір мәселелерді талқылағанда, әрдайым қатардағы адамдарға бұл қалай тиеді деп ойлап тұрады».
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлем жұртышылығының назарын аударатын елеулі істері көп. Ол еліміздің даму жолын көрсететін «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» стратегияларын қабылдады. Бұл жоспарлар Қазақстанның дамуына үлкен үлесін тигізеді. Қазіргі таңда Республикамызда он беске жуық Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев университеті құрылған. Осының барлығы президент жұмысының нәтижесі.
Тұңғыш президенттің елге жасаған жақсылығын, елді дамытуға бағыттаған жұмыстарын жас ұрпақтың санасына тоқуы өте маңызды. Н.Ә.Назарбаев біздің еліміздің дамуына орасан зор үлес қосты. Әрбір қазақстандық тұңғыш Елбасымен мақтана отырып, игі істерін жалғастыра алуы керек. Нұрсұлтан Назарбаев – қазақ елінің мақтанышы, көздеген мақсатына жететін өршіл рухты, білімді, біртуар перзенті.
Ф.Қозыбақова, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ тарих кафедрасының доценті
Г. Мамытхан, 1-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі