Өлең, жыр, ақындар

Рухани жаңғыру – ой мен сана өзгеруінің қозғаушы күші

Рухани жаңғыру рухангияттың жаңғыруының бастауы, қоғамның көркеюінің жетер жетістігі, бәріміздің бір атамекеніміз бар, қазақтың ұлы даласы, ұлы далада бабаларымыз аманат етіп кеткен отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан, Тәуелсіз Қазақстанда тұратын өршіл, адал, намысшыл ұлт бар, ол ержүрек қазақ халқы.Қазақ халқы өз бастауын даму ерекшелігіне байланысты таңдайтын дара жолы бар.Қоғам дамуды қалады, әрі рухани жаңғыру жолын таңдады.«Рухани жаңғыру» алғашында мақала болып шыққанымен, бағдарлама ретінде қабылданып, 2017 жылдың 26 сәуірінде оның іске асуын үйлестіретін, қадағалайтын орган – ҚР Президентінің жанындағы ұлттық комиссия құрылды. Ол қазіргі уақытқа дейін өзінің тиісті функциясын атқарып келеді. Бүгінде Ұлттық комиссияға ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжин жетекшілік етеді. Бағдарлама кейінгі Елбасы Жолдауларында да нақты көрініс тауып отырды. Мәселен, 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауда негізгі тақырып Төртінші өнеркәсіптік революция болғанымен, адами капитал – жаңғыру негізі екендігіне ерекше көңіл бөлінді. Әсіресе, қазақ тілінің терминологиясын жүйелеу, 2025 жылға дейін латын графикасына көшу кестесін дайындау, ағылшын тілін меңгеру мен цифрлық білімді дамыту сөз болды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы –жалпы ұлтқа бағыт алған бағдарлама екені анық. Алайда, осы бағдарламаның негізгі бағыты – жастар, рухани жаңғыру алдымен жастарға қажет деп ойлаймын. Бұл бағытта біз – оқытушылар, ұстаздар, аға буын өкілдері, әуелі рухани жаңғыртуды неден бастау керек, не нәрсеге қатты назар аудару керектігін ойластырғанымыз, айтқанымыз дұрыс. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасы мақаласының алатын орны ерекше. Мемлекет басшысы атап отырған идеялардың қай-қайсысының мәңгілік болуына ұйытқы болатын дүние –руханият пен мәдениет. Бұл жолда бәрімізді толғандырып жүрген мәселелер баршылық.Соның ішінде атап өткім келетіні – білім. Ұлттық жаңғырудың басты әлеуеті – білім.Білім адам баласына берілген дәреже, Өз білімінің арқасында жас ұрпақ болашаққа бағдар алып, руханият тұрғысында дамып, өркендеп келеді.Рухани жаңғыру тек адамның жан дүниесін ғана емес, мемлекеттің репутациясында арттыруға көмегін береді, жас ұрпақ қоғамды дамыту тұрғысында рұхани дүниесін бүкіл әлемге таныта алатын қоғам құрады.Қоғам даму үстінде, ең бірінші рухани жаңғыру мақала ретінде шықса, кейіннен даму бағдарламасы болып өзгертілгеннен соң, қоғамға артылған үміт көбейе түсті. Президентіміз жастарға үлкен сенім, үлкен үміт артып отыр. Қазіргі заман қорқынышы болып, әлемге үрей орнатқан терроризм, экстремизмге қарсы күресуде де бұл мақаланың айтары мол. Себебі, теріс ағымдарға кетіп жатқандар – өзінің қазақи жеке дара қасиетін бағаламай, ұлтының бар рухани құндылығын бағаламай, оны өзгеден іздегендер. Өзіміздің өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды табу дегеніміз – ескіні аңсау емес, ескігі қайта бару емес. Бұл – санамызда ұлттық менталиттеті қалыптастыру, төл тарихымызды жаңғырту, қыз-жігіттерді патриотизмге тәрбиелеу.Біз өзгелерге ұқсамайтын, дарашылдығы, өзіндік ерекшелігі бар ұлт болғанда ғана, халқымыздың атын дүние жүзіне жария еткенде ғана, нағыз қазақ деген атқа лайық болғанда ғана, ХХІ ғасырда дамыған елдің қатарында боламыз. Ол үшін, ең алдымен, еліңді, жеріңді сүю, салт-дәстүріңді, тіліңді, дініңді, діліңді сақтау, білімге құштар болу сияқты ұлт руханиятынан бастауымыз қажет екенін жастар тереңінен түсінеді деген сенімдеміз.Ұлттық сат-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, яғни ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтың ғүламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күмбірлеген күйлері ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдаудан сақтап, аман алып, мыңдаған символдық қалқанымыз арі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Мұның бәрі тұтас келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды. Мыңжылдық тарихымызда алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап жүзеге асыруға тиіспіз.

Ф.Қозыбақова, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ тарих кафедрасының доценті

Қуаныш Аружан Талғатқызы 1-курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер