Өлең, жыр, ақындар

Асан қайғы (ІІІ нұсқа)

Асан қайғы: «Бұл ауылдан кетіп, қыс болмайтын, ойы түңлік Қиқора деген жерге барайық. Елге жайлы», — дейді. Бұл мекен Қытай жерінде көрінеді. Сол жерде той болмақ екен. Соған ел бармақ болды. «Барған жұрт бір-бірден тас алып барып асуда тастаңдар да, қайтарда елге әкеліп тастаңдар!» — депті. Сол әкелген тастар мына Жаркенттің қасындағы үйген тас деген жер көрінеді. «Бұл жерде тұруға болмайды: екі үй бір үйге телі болады екен. Үй бас сайын келі болады екен, сондықтан бұл жерден онша ел молшылықта бола қоймайды, ал Қиқораға барсақ, қысы жұмсақ, жағдайлы, малға да жайлы, аяғың толады, ішкенің айран-шалап болады. Мал ұстап жан бағамыз», — деген екен. Сонымен Қиқораға көшкен ел арымай, талмай, жақсы өмір сүріпті.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз