Асан қайғы мен баласы Абат ауылдан жүз қадамдай қашықтап кеткенде әкесі артынан айқайлап:
— Әй, Абат-ау! — деген екен. Сонда Абат:
— Ия, түсіндім, — депті. Жолдастары Абаттан әкесінің не дегенін сұрапты. «Оның жолда кездесетін бір сөзі қалған екен. Ол сөзі «жаңбырлы күні жанбауыраймен жүрме, атың тайып жығылады» деген ғой», — депті. Жігіттер әкесінен барып сұраса, солай деген сөз болып шығады. Олай болса, Абаттың өзі де әкесінен кем емес, тапқыр, ойшыл екені аңғарылады. Болмаса Асан қайғыдан жұрт:
— Асеке, дүниеде кім мырза, кім қорықпайды, кім қызғанбайды? — десе, бәріне де:
— Абат қорықпайды, Абат қызғанбайды, Абат мырза, — деп жауап береді екен. оның да себебі бар.
Жұрт Абаттан:
— Сіз неліктен мырза болдыңыз? — десе, ол былай деп жауап беріпті:
— Мен далада көп жүремін, талай жерді аралаймын, сүйтіп жүріп молалардың үстінен шығамын. Сонда бір кезде даңқы шыққан өте бай адамдардың сүйегі шығып, қурап жатады. Жарлы адамның да сүйегі жатады. Осыны көріп: «бай болсаң да өліп, осындай сүйегіміз құриды екен ғой. Тіршілікте өзіне-өзі қимай, ішпей-жемей жиған мал, ешкімге ауыстырғысы келмеген дүние бәрі де адам үшін құр әуре есебінде қалады екен. Олай болса, тірлікте бай болып, мал жинамай, сараң болып атағың шықпай-ақ, халық қатарында күн көруге болады» деп ойлаймын, — деген екен.
— Болмаса, қорықпайтыным былай, — деп айтады, — жол жүріп келе жатыр едік. Біз қырық шақты атты едік, жүріп келе жатқанда ртамыздан бір қоян көк бұта арасынан тап бола кетті. Қоянды қоралап тұра қалдық. Жігіттер өздерінің найзасын оңтайланып тұрды. Қоян қамаған бізден құтыла алмастай болған сияқты. Өлім-өмір арасында тұрған қоян құтылудың бір-ақ жолын іздеді. Ол сол тұрған жігіттердің біреуінің үстінен ата жөнелді. Күні бойы аңдып тұрған біз өлдіге, құтылмасқа санап тұрдық. Әншейінде «қорқақ қоян» сол мезгілде өзінің ойын қорытса керек. Ажал келмесе, құтылуға болады екен. Олай болса, ажал келмесе, жасанған жаудан да қорқуға болмайды. Сондықтан мен батырлықты содан бастадым, — деген екен.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі