Өлеңдер Бөлімі

Оқушылар үшін 36 мыңнан астам компьютер сатып алынды — Асхат Аймағамбетов

1 қыркүйекке дейін аймақ әкімдіктері қосымша компьютер сатып алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Жаңа оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталғанда дәстүрлі оқу форматына қайта көшу-көшпеу жағы белгілі болады. Бұл жұмыс эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең-кезеңімен жүргізіледі. Қашықтан оқуға дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқаны өте маңызды. Өткен оқу жылының төртінші тоқсанында көптеген мәселеге тап болдық. Ол кезде жіберілген қателіктерді осы жолы ескереміз», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта компьютерге қатысты ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

«Бізде ескірген компьютер көп. Қажет ететін оқушыларға уақытша бере тұруға болатын компьютер аз. Сондықтан қазіргі уақытта 36 мыңнан астам компьютер сатып алынды. 1 қыркүйекке дейін аймақ әкімдіктері қосымша компьютер сатып алады. Бүгін Үкімет отырысында осындай тапсырма берілді», — деді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (3)

Зауре

Менің 4 балам бар. Үшеуі мектепке барады. Соткам жөнді істемейді. Өзінен өзі өшіп қалады. Сабақты да ырың жырың өткіздік. Енді 1 Қыркүектен бастап тағы сол. Айналайын соткам өшпейтұсайшы деп
Мектептен көмек сұрасам

Лаззат

Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, Жалғыз басты анамын, АСА аламын, менің мектепте оқитын ұлымды компьютер алу тізіміне кіргізбеген. Не істесем болады???

Айтекова Айнур Алламбергеновна, Мангыстау ОБЛЫСЫ,

Менин 3 балам бар 3да Мектепке барады, Бизге окмет ен неге еш комек жок тек коп балалы аналар га гана комек берема, мен озим 39 жаста мын 10 жылдан бери давлениемен тиркеудемин, не инвалидства небалдарга пасобия ештене алмаймыз окметтен, жолдасым нын табысты ар балага сотка немесе компьютер алуга жетпейди, сол себепти коп балалы аналар дей бермей 1,2,3 балалы аналар гада карайлассандар деп ойлаймын, сол компьютерден бизге да биреуин берсе балдарым катты куантып калар еди,

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар

×