Өлең, жыр, ақындар

Жаңа оқу жылы: Қазақстанда бастауыш сынып оқушылары қалай оқиды

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова жаңа оқу жылында кезекші сыныптардың қалай оқитынын түсіндірді.

«Ата-аналардың қалауымен және мектептедегі жағдайды ескеріп, бастауыш, яғни 1-4 сыныптардың оқуына рұқсат беріледі. Әрине, кішкентай балалардың оқуға ынтасы әлі қалыптаспаған. Сондықтан, өтінім негізінде мектептерде кезекші сыныптар ашу жөнінде шешім қабылданды», — деді вице-министр «Атамекен» ҰКП өткізген онлайн жиналыста.

Спикер ата-аналардың пікірін тыңдап шыққанын айтты. Олардың арасында санитарлық шараларды қатаң сақтап, оқу процесін мектепте жүргізуді қолдайтындар бар және баласын мектепке жіберуге түбегейлі қарсы адамдар да бар.

Вице-министрдің айтуынша, кезекші сыныптарда оффлайн және онлайн форматта өтетін пәндер тізімі анықталады. «Кезекші сыныптар қашан жұмыс істейді? Кей пәндерді — мектепте, кей пәндерді — онлайн оқытуға жібереміз. Мәселен, бастауыш сыныпта сауат ашу, жазу, математика, тіл пәндері офлайн форматта өтеді», — деді Ш. Қаринова.

Оның айтуынша, әкімдіктер сыныпты топқа бөліп оқытуды да ұсынып отыр.

«Елімізде екі ауысымды, үш ауысымды мектептер бар екенін, онда бала саны көп екенін түсінеміз. Бір күні — бірінші топ, ертесіне — екінші топ оқиды. Ондай да тәжірибе әлемде бар. Бұл әдісті Сингапур ұсынып отыр. Кезекші сыныптар ата-аналардың өтінімі бойынша құралады, біз кезекші сыныпта бір ғана сыныптың балаларын оқытуды ұсынып отырмыз», — деді вице-министр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Акерке

Мен Түркістан қ.тұрғыны Туреханова Акерке.Балам 2сынып оқушысы Есенгелді Ерасыл.24жалпы орта мектеп оқушысы.Баламның оқу жылдамдығы өте қатты төмендеп кетті.Мектеп әкімшілігіне барсак бізге мардымды жауап айтпайды.Неге оқушыларды 15баладан бөліп оқытпасқа мектепте.Мектеп бізге ешкандай рұқсат жок баланы мектепте оқытуға деп жатыр.Сіздің бұл мәлімдемеңізді мектеп әкімшілігі құлаққа аспай отыр.Біз не істеуіміз керек? Барлық санитарлық тазалықты сақтаймыз деп отырмыз бала мектепке барса.Қояр талабымыз негізгі 3пән мектепте оқытылсын.Математика,қазақ тілі,әдебиеттік оқу

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар