Кәміл пірге сыйынсақ
КӘМІЛ ПІРГЕ СЫЙЫНСАҚ
- Он сегіз мың ғаламды жаратушы, оның әміршісі – Аллаһ.
- Алланың әлшісі, Ислам діннің пайғамбары – Мұхаммед (с.ғ.с.).
- Мұсылман әйелдерінің пірі – Хауа ана мен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы – Фатима.
- Жер иесі – Қызыр ата.
- Қыс иесі – Зымыстан.
- Жаз иесі – Табыстан.
- Су иесі – Сүлеймен пайғамбар.
- Ұсталар мен шеберлер пірі – Дәуіт пайғамбар.
- Дерт иесі – Лұқпан Хәкім.
- Амандық, сақтық пірі – Ғайып ерен, Қырық Шілтен.
- Қасиет, ырыс, береке пірі – Қыдыр және Ілияс пайғамбар.
- Сабырлылық пірі – Аюб пайғамбар.
- Білімпаздар пірі – Ідіріс пайғамбар.
- Қаһариандар пірі – Әзіреті Әли.
- Шейіттер пірі – Хамен мен Құсайын.
- Жомарттар пірі – Атымтай жомарт.
- Әділдік пірі – Жәмшид патша.
- Түйенің пірі – Ойсыл қара.
- Жылқының пірі – Қамбар ата.
- Сиырдың пірі – Зеңгі баба.
- Қойдың пірі – Шопан ата.
- Ешкінің пірі – Шекшек ата.
- Егіншінің пірі – Диқан баба.
- Сараңның пірі – Қарынбай.
ПЕРІШТЕНІҢ ҚҰЛАҒЫНА ШАЛЫНСЫН
- Жәбірейіл – Аллаһ тағала бұйрығын пайғамбарларға жеткізуші періште.
- Мекайыл – табиғат періштесі.
- Исрафил – қиямет күнінде жел тұрғызатын періште.
- Әзірейіл – ажалы жеткендердің жанын алатын періште.
- Мүңкір-Нәңкір – қабірде сұрақ алатын періште.
- Қарамин – оң жақта отырып сауап алатын періште.
- Катибин – сол жақта отырып күнә жазатын періште.
- Суруш – даналық, зейін, ілім, білім періштесі.
- Ібіліс – аздыру, азғыру періштесі.
- Дардайыл – ай, күн, жұлдыз періштесі.
- Зұлқайыл – қиямет күнінде таразыға алып баратын періште.
- Ридуән – жұмақ періштесі.
- Мәлік – тозақ періштесі.
НЕНІ ҰМЫТПАУ КЕРЕК
- Жаратушы – жалғыз Аллаға қарыз.
- Ислам дінінің иесі – Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қарыз.
- Өмірге әкелген – ата-анамызға қарыз.
- Тәлім, білім берген – ұстазға қарыз.
БҰЛЖЫМАС БЕС БОРЫШ
Ағайын, ілік, жақын, таныс адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар. Олар:
- Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш;
- Адамның өзіне байланысты борыш;
- Мемлекет пен халық алдындағы борыш;
- Үй іші, жақындарға арналған борыш;
- Адамгершілік әлеміне деген борыш.
Бұл қағида Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қалған.
АЙНЫМАС АЛТЫ ПАРЫЗ
Сыйлас, аралас-құралас жүрген адамдардың бір-біріне деген алты парызы бар. Олар:
- Бір-біріне әдейі іздеп барып, сәлем беруге;
- Шақырған кезде кідірмей баруға;
- Кеңес сұраса – пайдалы ақыл қосуға;
- Сұрағына – толық жауап беруге;
- Ауырып қалса – көңілін сұрауға;
- Қайтыс болғанда – жаназасына, жерлеуге қатысуға.
Бұл парызды да ұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан екен.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Павлодар қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі