Әр күн, сәт, мүмкіндік, сағат, минут - бұл таусылмас айналып тұратын тарих. Тарихта небір оқиғалар орын алып, ізін қалдыруда; бірі жаман болса, екіншісі көңілге жағар жағымды заттар болмақ. Ал осы тарихи оқиғаның ортасында жүріп тайға таңба басқандай із қалдыру, есіміңді ғасырлар бойы еске алатындай іс істеу - әркімнің қолынан келе бермейтін дүние. Бұл кімдердің қолдарынан келді дерсіз бе? Ендіше, алыстан арбаламай, жақыннан дорбалайық. Бүгінде еліміздің тарих бетінде қалғандары жетерлік, алайда еліне қызмет еткен, халқына жанашыр болған тарихи тұлғаларымыз ел ішінде әлі күнге дейін "бір төбе" боп қала бермек. Олардың алдарында тұрғандары: Абай, Шәкәрім, Әлихан , Ахмет, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек сынды алыптарымыз екенін бәрімізде білеміз. Неліктен бұлардың тарихта орны ерекше десеңіздер, бұлардың қазақ халқына қызмет етіп қана қоймай, өшпес мұра, теңіздей терең із қалдырды. Әрқайсының ерең еңбегі халықтың жүрегінде. Қазіргі сәтте осы арыстарымыздың мұраларын жоғалтып жатқанымыз белгілі. Абайдың Қазақ даласына жазба әдебиетті алып келуі, Әлиханның « Алашорда» үкіметнің негізін қалауы, Ахметтің «Қазақ Әдебиетінің» тірегі болуы да үлкен ғанибет. Қазақтың әр арысының ерең еңбегі-ерекше. Бүгінде еліміздің осындай арыстарымыздың ұрпақтарының ұсақталып бара жатқаны қанды қарайтып, жүректі ауыртады екен. Кешегі Сәкен, Ілияс, Бейімбет салып кеткен үш бәйтерегіміздің ізін басатын ізбасарларының жоқ болуы өкінішті. Ахмет Байтұрсынұлының әдебиет хақындағы өсиетін соңғы сөз ретінде де бағалаймыз: «Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп…» деп айтқаны Әлихан Бөкейханов бабамыздың «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөздерімен үндескендей. Ұлтына қызмет етіп, патриоттық рухқа толы жүректегі сезімдерімен халықпен өшпес байланыста болды және әлі күнге дейін сол байланысты сақтап келеді. Бірақ қазір осындай Әлихан Бөкейханов сияқты халықтың үнін тыңдап, керегін беріп, саяси сананы ашуға тырысатын адамдардың Бекболат Тілеуханов, Мұхамеджан Тазабеков сынды ағаларымыздан артылмайтыны жүректі ауыртады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезовтың өзі бұл сөздерді бекерге айтпаған болар. Елім, жерім, ұлтым, халқым дейтін ұл қыздарымызды өсіру қазіргі жас отбасылардың қолында. Бесіктен белі шықпай, буыны қатқанша балаға өз туған тілінде сөйлеп, ұлттық рухты ұялатып өсіру кез келген қазақ отбасының қолында.
Тұран Университетінің 2 курс студенті - Бектурова Фариза
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі