Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) – Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан шыққан. Әкесі Момыш ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Анасы Рәзия Бауыржанның 3 жасында дүниеден өтеді. Сол кезден ол әжесі Қызтумастың қолында өседі. Әжесі үлкен жасқа келген кезде ағайын-туысы «сары кемпір» деп атаған. Бауыржан Момышұлы 1924 жылы Шымкент қаласында 7 жылдық мектепті бітіріп, әскери міндетін өтеуге шақырудын алдында мұғалім болып жұмыс жасаған.
Әрине, әрбір қазақ Бауыржан Момышұлы деген атамыздын атын естігенде, соғыс жылдары қан майданда қол бастаған дивизияның батыл командирі еске түседі. 2010 жылы Республика бойынша Бауыржан Момышұлының 100-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мысалыға айтатын болсақ, Екінші дүниежүзілік соғыста даңқы шыққан қазақ батыры Бауыржан Момышұлы туралы «Қазақтың Бауыржаны» атты деректі фильм түсіріліп, қыркүйек айының 14-і күні Алматыда фильм көпшілікке таныстырылды. Фильмді үкімет тапсырысымен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірді. Осы айда Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Бұл шығармалар жинағына Бауыржан атамыздың замандастары жазған естеліктер мен батырға жолданған арнау өлеңдері де енген.
Желтоқсанның 10-ы күні Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында кеңес-герман соғысының қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына тұрғызылған ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды. Ескерткіштің ашылуына даңқты жауынгер-жазушының ұрпақтары, замандастары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, қалалық әкімшілік басқармалары қатысты. Жалпы биіктігі 6 метрлік ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың мүсіні қоладан құйылып, кейінгі ұрпаққа үлгі әрі өнеге болып тұр. Дала данышпаны Жиренше шешеннің «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» - деген қанатты сөзі нақты Бауыржан атамыз сияқты аты аңызға айналған тұлғаларға арналған.
2010 жылы 4-5 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы және қазіргі заман» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияда Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының өмірі мен қызметі, ғылыми және әдеби мұралары айтылды. Конференция жұмысына қатысқан ғалымдардың, ізденушілердің, магистранттардың ғылыми мақалалары үлкен жинақ болып жарияланды.
Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығы аталып өткен биылғы жылы Бауыржан Момышұлы 110 жасқа толғалы отыр. Қазақ халқы батыр перзентінің әрбір келген жасын жанынан шығармайды. Атамыздың өз отанын сүйгендігін, мақтан тұтқанын: «Отан үшін отқа түс күймейсің», «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі» - деген нақыл сөздері нақты дәлелдейді. Осы сөздер батыр атамыздың соғыста қанша қиын, ауыр болсада, өз Отаны үшін бәріне әзір болғанын дәлелдейді.
Соғыста болған әрбір ата-бабамызды жүз жыл болсын, мың жыл болсын әрдайым өз жүрегімізде, ойымызда, санамызда сақтап, қасиеттей қадірлеп, өз алғысымызды білдіруіміз қажет.
Жастардың ұлттық патриотизімін, отанына деген сүйыспеншілігін дамытуға, арттыруға Бауыржан Момышұлы сияқты батыр ата-баларымыздың қосқан үлесі өте зор. Батыр атамыздың мынадай айтқан керемет сөздері бар: «Патриотизм дегеніміз – әке-шешеңді құрметтей білуің, өз ұлтыңды сүйуің, ана тіліңді ардақтауың, өз халқыңның өткен жолы мен тарихын құрметтеп, оған тіл тигізбеуің мен өз Отаныңды жаудан қорғауың».
Халықымыздың, ұлтымыздың амандығы, Отанымыздың ары қарайда дамуы жас ұрпақ қолында. Бұл Бауыржан Момышұлының айтқаны қазіргі жас ұрпақа өз тілін және тарихын білуі, құрметтеуі, ардақтауы және де ешқашан ұмытпауы керектігін нұсқаулайтын сөздер. Әрдайым осы кездегі бейбіт өмірге ата-бабамыздың қаны мен тері, жанқиярлық ерліктері мен ерен еңбектерінің арқасында жетіп отырғанымызды қадірлеуіміз және ұмытпауымыз қажет.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі