Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби еңбектері - әлемдік ғылымның бірегей үлгісі

Биыл ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толып отыр. Тарихи деректер бойынша әл-Фараби жетпіске жуық тіл білген.  Энциклопедиялық білімге ие ғұлама ғалым: философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы және т.б. ғылым салалары бойынша ғылыми еңбектер жазып, тұтас энциклопедиялық жүйені құрды. Әл-Фараби Аристотельден кейінгі әлемнің екінші ұстазы атанған. Ұлы ойшылдың трактаттары сондай-ақ, саясат, психология, этика, жаратылыстану, эстетика сияқты белгілі ғылым салаларын қамтыды. Әл-Фарабидің жан-жақты ғылыми зерттеулерінің нәтижесі «ғылымдарды жіктеу туралы» трактаты болды.

 

Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің диалогын орнатуға және жақындастыруға ықпал еткен Әл-Фараби мұрасы ақыл-ой және бақыт жайындағы еңбектері мың жылдан астам уақыт ізгілік қоғамын құруда өзекті болуда. Ұлы ойшылдың шығармалары Жерорта теңізінен Қытай шекарасына дейінгі ұлы өркениеттерді біріктірді. Әл-Фараби философиялық және діни бейімделудің үлгісін көрсеткен әрі өз өмірін болмыстың мәні мен әлемді түсінуге, білімге арнаған әмбебап ғалым болды. Ұлы философ шығармаларындағы ой-тұжырымдарымдары мен рухани негіздері адамзатты тұлғалық негізде тәрбиелеуге және шынайы адамгершілік құндылықтарды нығайтуға мүмкіндік береді.

 Бүгінгі таңда ұлтымыздың тарихи тұлғаларын халқымызға танытып, кеңінен насихаттау аса өзекті болып отыр. Әбу Насыр Әл-Фарабидің  еңбектері адамзат өркениеті мен философиялық ойдың дамуына баға жетпес үлес қосты. Ұлы ұстаздың даналығы өте өзекті және бүгінгі күні үлкен мәнге ие. Бүкіл әлемге елдігіміз бен интеллектуалдық әлеуетімізді танытар тұста ғұламаның қазақ топырағынан шығуы да бізге зор мақтаныш.  

У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

Н.М.Тастеев, С.Ә.Әшім  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенттері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Айжан

керемет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз