Өлең, жыр, ақындар

Ең қысқа әңгіме

— Мен кіммін? — деп жанұшыра айғай салған Нұралыны ешкім естіген жоқ. Бөлме ішінен жоқтау айтқан әйелдердің ащы зарынан сай-сүйегің сырқырайды. Үйден жас өліктің денесін шығарып жатты. Нұралы өзін таныды....

Сен экранға шығасың деді режиссер кенет, мысқылдай күле.

— Рас па?

— Рас сайқалдың  рөлін сомдайсың....

Үйленгендеріне үш жыл. Шаңырақтарынан үнемі ыдыс-аяқтың сылдыры естілушы еді. Бар ыдысты сындырып біткен екі жасар Рамазан. Өте беймаз бала.

Дәрігер үш ай өмірің қалды деді. Ал ол үш ай жазды сонша күткен еді...

Еріндеріне далап жағып, сәнді киінген әйелдер, жиырма жасында дүние салған Фаризанының жылдық асына асығып бара жатты...

Екі құрбы. Біреуі — арсыздығы үшін бақытты. Екіншісі — адалдығы үшін айыпты...бірақ дос...

Шашыма алғаш ақ араласқанда, мен бар болғаны жиырма бірде едім, деді қара шашты жасамыс әйел...

Ол өмірінде ақырғы рет оңбай қателесті, бесінші қабаттан төмен құлдилап бара жатап солай ойлап үлгерді... бірақ бәрі кеш еді.

— Сіз тірідей жерленудің не екенін білесіз бе?

— Жоқ!..

— Мен білем.... ол арсыздың қолынан, аппақ арыңмен, мезгілсіз қаза табу....


Пікірлер (3)

Сабыр

Шынымен де ең қысқа екен

Ерхан

Ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз