Орыс тілі пәнінен жатқа жазу сабағы жүріп жатқан.
Кәрім соңғы сөзді жазып болып, қайта оқып шықты. «Морковь» деп ішінен әлденеше айтты, дұрыс жазылғандығына сене алмай отыр. Көрші баланың дәптеріне қарап еді, «мәрковь» деп жазыпты. Солай бір түзеп қойды да, «Қайкен қалай жазды екен?» — деп, мойнын созып, алдыңғы баланың дәптеріне үңілді. Ол «мәркөв» деп жазыпты.«Әй, осының жазғаны дұрыс болар» деп ойлаған Кәрім «о» әрпін «ө»-ге түзетіп, мұғалімге дәптерін тапсырды. Келесі күні мұғалім:
— Өз күшіне, өз біліміне сенбей, жұртқа жалтақтаған Кәрім бір сөзден үш қате жіберіпті, сондықтан екілік алды, — деп хабарлады балаларға.
Оқушылар ду күлді. Содан бастап Кәрім жұрттың дәптеріне қарамайтын болды.
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі