Өлең, жыр, ақындар

Уәде – қасиетті сөз

— Мен кінәлімін. Ешқашан тентек болмауға уәде беремін. Оқуды беске оқимын. Енді не дейсің? Уәдем осы.

Жәкіш сынып толы оқушыларға жасқанбай қарап тұр, ақсары жүзінде жігер бар.

— Уәде дегеннің не екенін білесің бе өзің? — деді балалардың біреуі.

— Білем.

— Айта ғой білсең.

— Уәде ме, уәде — адамның ар-ұятымен айтылған сөз, қасиетті сөз. Осылай деп  анасы үйреткен еді.

— Жақсы. Сен ғой тентек Бәйкеннің жетегімен кеткеніңді айтпай, бәрін өзім істедім дейсің. Біз барлығын да біліп қалдық. Осы қалай? — деді Еркін ағай. Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағыдай тұмсығы тершіп қыбыжықтай берді, төмен қарап тырнақтарын шұқылады.

— Не десем екен? — деді ол қиналып. — Былай, ол да уәде. Мен айтпауға, жолдасымды ұятқа қалдырмауға уәде бергем.

— Солай ма, ол жайлы шешеңе де айтпадың ба?

— Иә.

— Енді неге айтып тұрсың?

— Жаңа ғана өтірік айтпаймын деп уәде бердім ғой.

Балалар ду күлді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз