Мектептерде мерекелік шаралар өтпейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.
«Мектепке барып оқып жүрген оқушылар үшін мектепте жаңажылдық мерекелік шаралар өтпейді», — дейді Айжан Есмағамбетова.
Сондай-ақ, ол 1 және 16 желтоқсандағы мереке күндері қосымша карантиндік шектеулер болатын-болмайтынын айтты.
«Қосымша шектеу шаралары соңғы екі аптада ауырғандар санының өсуіне байланысты қабылданды. Осы уақыттағы біздің мақсат — карантин талаптарын орындау. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әзірге қосымша карантин шаралары қабылданбайды. Мұндай шаралар әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Ал жағдайдың қалай болатыны біздің әрқайсысымызға байланысты», — дейді ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жанерке
р
☆Рахмет өте керемет жазылған♡
Жанерке
☆Рахмеет♡