Ұстаз. . . Осы бір 5 әріптің өзінде қанша мән,мағына үлкен бір терең ой жатыр десеңші. Ұстаз жайлы ой қозғасам бүгін жазып тауыспаспын. . . .
Ұстаз ұлы мамандық. Ұстаз біздің екінші анамыз. Ұстаз біздің ақылшымыз,жаңашырымыз.
Жер бетінде мыңдаған мамандықтар бар. Солардың ішінде барлық мамандықты адам қылып шығаратын бір мамандық бар. Ол әрине ардақты
Ұстаз. Сен мейлі бастық болсаң да,әнші болсаң да,кәсіпкер болсаң да сені адам қылған ұстаз екенің ұмытпауын керек. "Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы"деп бекер айтпаса керек.
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін,үлкен жауапкершілікті талап ететін ерекше маман ол Ұстаз!
Ұстаз болу жүректің батырлығы деп жатады емеспіз бе. . . Ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейтінін ең ұл ы мамандық.
Ұстаз-киелі сөз,ұлағатты есім. Шәкірттері үшін анасындай шырылдап,қамқор болатын асыл жан.
Алдында 30 бала отырса да барлығын бір үйдің туғанындай қарап,бір шаңырақ астында тату тәтті өсіріп,тәрбие қоймай білім нәрін сусындататын да осы ұстаз.
Кейде қарап отырсам ұстаздарға қатты таңқаламын. Сондай батыр да батыл ,жүктері мейірімге толы жанашыр жандар.
Қазіргі таңда ұстаздардын қадірі ата анаға да,балаға да қатты біліуде. Осыған қарамастан ұстаздар бізден теріс айналмай,сонда бізге жандары ашып,осы оқушыларымыз бір нәрсе біліп кетсе екен деп жан таласып оқытудан жалықпайды.
Қазіргі уақытта әр оқушы ұстаздары мен мектебін сағынғаны рас.
Ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі әрі түрегі. Ұстазға шәкірттерінің жетістіктерінен асқан бақыт жоқ та шығар. . .
Әр оқушы ұстаз алдында мәңгі қарыздар.
Әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін «Ұстазым» деп атайды. Осы тұста ұлы Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, өмірден өз орнын тауып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!
Ойымды жинақтап былайша қорытындылап аяқтағым келеді Осынау қиын қыстау кезде бізге барша оқушыларға қашықтықтан білім беріп,бізді оқытып жатқандарыңызға басымызды иіп алғыс айтамыз. Біздің жеткен әр жетістігіміз ардақты ұстаздар сіздердің арқаларыңызда. Сіздерге барлығы үшін үлкен рақмет!Біз сіздерді қатты сағындық. Және де сіздерге осындай қиын жағдайда сабырлық пен шыдамдылық тілейміз. Ерең еңбекттеріңіздің жемісін көріп,шәкіттеріңіз сіздерді мәңгі қуанта берсін. Біз сіздермен біргеміз!
Уланова Эльнура
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі