Қазақстан Республикасының Тұңғыш Перзиденті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыныптасы, әрі досы, Қарасай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы - Едіге Исатайұлымен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Педагогикалық ғылымдар академиясымен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенттері, № 146 мектеп-лицейінің 8-11 сынып оқушыларымен 30.11.2020 күні, сағат 11:00-де онлайн-кездесу өтті.
Кездесу барысында Едіге атамыз Елбасымен бастан кешкен естеліктерімен, оның жастайынан қандай ер азамат болғанымен бөлісті.
Едіге Жүнісбеков, Елбасының сыныптас, досы:
Елбасымыз еліміздің тәуелсіздігін қалыптастыруда еңбегі өте зор. Еліміздің қамын ойлайтын адам. Әрқашан:" елім үшін, жерім үшін, еліміз аман, жұртымыз сау болсын" - деп, болашақты, жастардың келешегін ойлап жүретін адам.
Едіге атамыз Елбасының жас кезін:
"Болам деген балаға жастайынан береді,- демекші, Нұрсұлтан мектеп кезінен бастап алғыр және озат болды. Ол жастайынан адамдармен тіл табысқыш, ақылды, тартымды жігіт болатын. Өте көп еңбектеніп, көп оқитын еді."- деп еске алады.
Едіге атамыз жыл сайын сыныптастар болып кездесіп, шүйіркелесіп әңгіме-дүкен құратындарын айтты.
Кездесу арасында оқытушылар,студенттер мен оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажет жауаптарын алып отырды. Кездесу соңында, олар Едіге атаға кездесуге қатысып, ыстық лебізді тілектерін айтты және сұрақтарына жауап бергені үшін алғысын айтып, батасын алды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 3-курс студенті Маратова Алия.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі