1905 жылы 9 қаңтарда Петербор қаласында патша үкіметі қарусыз шыққан қарапайым жұмысшыларға қарудан атты. Бұл оқиға тарихта «Қанды жексенбі» деген атпен қалды, отарлық ұлт аудандарының оянуына әсер етті, халықты ызаландырды. Патша үкіметіне наразылық білдіріп, тіпті қоныс аударушы шаруалардың өздері де ашулы болды. «Қанды жексенбі» оқиғасының арты революциямен ұласып кетті, өйткені халық бұндай әділетсіздікті бұдан әрі шыдай алмады.
1905-1907 жылдары бірінші орыс революциясы болады. Революцияға алғышарт болған мәселелердің бірі: патша үкіметінің аграрлық саясаты. Саясатқа қарсы күрес қазақтардың саяси белсенділігінің күшеюіне әкеледі. Верный,Перовск,Ақмола облысы,Орал қалаларында жұмысшылардың біраз қарсылық толқулары өтті. Бірақ олар патша үкіметіне тікелей қарсы шыға алмады. Оларда қару-жарақ саны аз болды, ол түгілі шығар жұмысшы саны аз етін. Қазақ халқы сол сәтте саяси жағынан әлсіз, соқтығыстарға дайын емес болатын. Патша үкіметі барынша отаршылдық саясатты күшейтіп, елдің қолын байлайтын үздіксіз заңдар шығара бастады. Қазақ халқы өзінің жерінен айырылып, далада қаңғуда қалды.Орыс шаруаларынан, Қытай империясы әкімшіліктерінен өз жерін жалға алып отырды. Халқымызды барынша ең ауыр қара жұмыстарға салып, күн демей, түн демей еңбектендірді. Аямай еңбек еткен адамдардың жалақысы өте төмен болды. Өзіміздің завод, фабрикаларымызды шетелдік кәсіпкерлерге бір тиын құнмен сатып алып отырды. Мұның бәріне халық қалайша шыдап отыра бермек? Бірақ шаруалардың бұлай отырмайтындығын алдын ала ескерген патша үкіметі 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жариялады. Былайша айтқанда бұл жағдай жұмысшылардың «қолын байлады». Өйткені ереуілдерге қатысып, қарсылық көрсеткен жұмысшыларда бірден кәсіп орнынан шығару, жер аударту мәселелері туындайтын болды.
Жалпы 1905-1907 жылдары біраз ереуілдер мен толқулар болды. Себебі патша үкіметінің тоқтайтын түрі жоқ, күннен күнге түсінікке берілмейтін заңдар шығып жатты,қазақ-орыс халқына әделітсіздік қарым-қатынас болды. 1905 жылы 15 қарашада Қарқаралы қаласында жұмысшылар мен шаруалардың, солдаттардың көтерілісін басқарған Ж.Ақбаев Семейге қамалға алынды. Халықты, елді қорғауда маңызды рөл атқарған қазақ өкілдері: А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы болды. Олар саяси жиындарға белсене қатысты, петиция дайындау ісіне араласты.
Алаш қозғалысының өкілдері 1905 жылдың қазан айының 17 де жарияланған патша манифесін әшкереледі. Манифест бойынша Ресейдің бірқатар халқы, Қазақстан халқының сайлануына құқық жоқ делінді. Қазақтарды небәрі «көшпелі,қаңғыбас халық» деп атады. Халық Ресей Мемлекеттік Думасына қазақ зиялыларын қатыстырғысы келді. Бұндай опасыздыққа жол бермеген халық ақырында наразылығын білдіріп, қазақтар сайлануға құқығын алды. 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында бес облыстың өкілдері съез өткізіп, Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын құру шешімі қабылданады. Партияның басты мақсаты қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау туралы мәселе болды.
1905-1907 жылдардағы революция өкінішке орай жеңіліс тапты. Алайда бұл айтарлықтай қазақ халқына үлкен «тәжірибе» және «сынақ» болды деп ойлаймын. Өйткені еліміз бірқатар қиыншылықтарға төтеп беріп, алдағы ереуілдерге дайын болды. Ел шешімімен таңдалған өкілдер Ресей Мемлекеттік Думасына қатысып, өздерін биік жағынан көрсетіп білді. Темір жұмысшылары 8 сағаттық жұмыс тәртібіне көшті. Кейбіреулер өздерінің кәсіптерін құрды. Осылайша, бәрі керемет кезеңге ұласқанымен, бұндай ауыр оқиға бізге үлкен рухани күш берді! Қазақ халқы одан бетер күшейді!
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті 1 курс Жәнібекова Тоғжан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі