Сен мен үшін - Анам, Әкем бәрісің,
Алаңдайтын қиыс кетсе, әр ісім.
Бір өзіңнің құдіретің деп білем,
Өмірдегі жеткен әрбір жеңісім!, -демекші, әр адамның туған жері, өскен ұясы өзіне ыстық . Ақ бұлттармен астасқан таулары, күн көзіне шағылысып, мөлдіреп тұрған айдын көлі, талы, тасы әрбір перзент үшін қымбат.Қасиетті қазақ жері мәдени құндылықтарға, тарихи ескерткіштерге, рухани байлықтар мен ұлылар мұрасына бай.Ата-бабамыздан қалған дархан даламыздың аманаттары мен құндылықтары еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан.
«Рухани жаңғыру» және «Хакім Абайға 175 жыл» бағдармалары бойынша «Almaty Nomad» ұйымымен бірге ғасырдан-ғасырларға ұласып, ұрпағына мұра болып қалған тарих бесігінде тербетілген қасиетті, киелі, дархан даламыздың талай ұлы тұлғалары жарық дүниенің есігін ашқан Жидебай жерінде болдым. Бұл іс-сапарда тек қана мұражайларды аралап қана қоймай, рухани қуат алып, Абай атамыздың және тағы да басқа тұлғалардың іздері қалған қасиетті жерлерді көріп, үлкен әсер алдым.
«Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады», -деп еліміздің президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»мақаласында бүкіл әлем таныған Абайдың мәртебісінің биіктігін тағыда бір паш етті.Иә, расында да, Абай бабамыздың армандап кеткен заманы жүз жылдан кейін орындалды деуге болады.Егемендігімізді алдық, Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.Дүние жүзі танитын елге айналдық.Өркениетке ұмтылудамыз.Семейдің Шыңғыстауында отырып-ақ, барша қазақтың келешегін ет-жүрегің езіле ойлаған дәл өзіңдей жан бар ма?!Құрметті оқырмандар, сіздерге ұлы Абайдың туған жері Жидебайдағы мұражай-үйі туралы деректерді ұсынамыз.
Семейден 180 км қашықтықта орналасқан Жидебай жеріндегі ұлы ақынның қыстауы, 1945 жылы 100 жыл толуына орай Абайдың мұражай-үйіне айналды.Мұражай бөлмелерінде ақынның туыстарынан, замандастары мен достарынан алынған заттары сақталған.Мұражайға кіре берісте бірінші ас үйді байқайсыздар.Үйде қола мен мыстан жасалған тұрмыстық заттар, ыдыстар, бұйымдар бар.Ал, бөлмелер ішінде Абайдың, Әйгерімнің, Ділдәнің, Еркежанның сүйек төсегі орналасқан.Ділдәнің төсегінің үстінде Мағауия мен Әбдірахманның фотосуреттері ілінген.Тіпті, осында Абайдың үш ішекті домбырасы, үш ауызды және Семей қаласының әскери бастығы сыйға тартқан шиті мылтықтары да орналасқан.Ақынның құс қанатынан жасалған қаламсабы мен сиясауытың, қолжазбаларының көшірмесің, күмістен жасалған қалта сағатың да көре аласыздар.Бұл естелік заттардың барлығы дана Абайдың өмірінің соңғы сәттеріне куә.Бір қызығы, мұражай-үйінің шошаласының қабырғалары тастан жасалғандықтан үйдің температурасы қысы, жазы бір қалыпты.Үй сыртындағы аулада Абай қолданған арбаны байқайсыздар.Сонымен қатар, жақындарымен, замандастарымен түскен фотосуреттерді үй ішінен көресіздер.Үйден бір шақырым жерде, Абай мен Шәкәрімнің кесенелерін, ақ мешітті, әлемнің түкпір-түкпірінен келушілерге арналған қонақжайларды тамашалай аласыздар.Егер Абайдың өмірімен тереңірек танысқыңыз келсе, ұлы Абайдың туған жеріЖидебай жерінде орналасқан мұражай-үйі сіздерді күтеді.
Көк аспан астындағы ұлы даланың тарихи құңдылықтары бүгінгі жастар үшін аса бағалы тәлім беретін дүние. «Өткенімізді ұмытсақ , болашақ бізді кешірмейді», - деген ұлы даналықты жадынан шығармай ұстаған халықтың болашағы айқын, келешегі кемел болады.Сондықтан кеменгер халықтың, ізденімпаз ұлттың бүгінгі ұрпақтары, біздер төл тарихымызды мақтаныш етіп, бүкіл ғаламға әйгілі болған тұлғаларды және олардың мұрасын дәріптеп, аялау біздің қолымызда.
Абенов Жалғас
Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университеті журналистика мамандығының 2 курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі