1941 жылдың маусымында басталып, 5 жылға созылған сұрапыл соғыстың аяқталғанына тура 75 жыл. Жеңіс туын желбіретуге сол кездегі Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан азаматтары қомақты үлес қосты. Қазақстаннан ҰОС алғашқы кезеңінде 14 атқыштар дивизиясы мен атты әскерден алты бригада майданға аттанды. Қазақстаннан 497 жауынгер атағын алды. Кеңес Одағы үшін екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс өте қымбатқа түсті, жиырма жеті миллионнан астам жауынгер майданнан оралмады, оның 603 мыңы қазақстандық майдангерлер еді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысы туралы жалпы тарихи естелікті сақтау мен таратуды, соғыс және тыл ардагерлеріне қамқорлықты әрдайым өзінің парызы деп есептейді. Нұрсұлтан Әбішұлы «Жүйткіген уақыт бізді сол кезеңнен жыл өткен сайын алыстатуда. Алайда, бұл оқиғаны түсіну мен оның маңыздылығы біздің адамдардың жадынан ешқашан өшірмейді. Біздің ата-бабаларымыз кескілескен шайқаста от кешіп, окоптардан кеуделерін оққа төсегенін білеміз. Олар отанымызды, біздің тыныштығымызды, ашық аспанымызды қорғады. Сондықтан да біз бұл күнді бабаларымыздың, аталарымыздың, әкелеріміздің батырлығы, қайсарлығы ұрпақтардың жадында сақталуы үшін атап өтеміз. Бір жағынан, бұл бірлігі бекем халықтың әрқашанда жеңіске жететінін көрсетеді», - деп атап өтті.
Жеңіс күніне орай дәстүрлі түрде Қазақстанның барлық ірі қалаларында мерекелік іс-шаралар өтеді. Көшелерде әскери техникалар, ат шеруі, Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі, мерейтойлық отшашу өтеді. Концерттер, мәдени-көпшілік іс-шаралар, мерейтой медальдарын тапсыру, суретшілердің, халық шығармашылығының, Ұлы Отан соғысына арналған кітаптардың көрмесі және т.б. ұйымдастырылады.
Жауынгерлердің жанкешті ерлігі мен «Бәрі Жеңіс Үшін!» деп тылда еңбектен халықтың қайрат-жігері мен партриотизмі бүгінгі ұрпаққа үлгі. – Ұлы Отан соғысын еске алу әрбір азаматтың қасиетті парызы! Бұл ұрпақтардың бірлігін арттырып, тарихи дәстүр сабақтастығын қамтамасыз етеді. Сондықтан 1945 жылғы Жеңіс туралы шындықты зерделеу, біз үшін барлық фашизм құрбандарының алдындағы ең маңызды моральдық міндет.
У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті
Н.М.Тастеев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі