Өмір — ол үлкен жол. Өмір — теңіз, жүзем онда демеңіз,Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. Өмір адамға бір – ақ рет берілген үлкен сый. Өмірдің мәні адалдық, адамдықта,қарапайымдылықта. Өмір арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу біздің басты мақсатымыз. Яғни дұрыс жолды тауып,ары ғарай осы өмірде жақсы амалдар жасап өміріңізді аяқтау. Өмірде армандап, өз мақсаттарыңызға қол жеткізіп бақытты ғұмыр кешу. Ал өз мақсатымызға жету оңай емес, ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуіміз мүмкін. Өмір болған соң әр пендеге әр түрлі сынақтар келеді. Жаратқанымыз сүйген құлын сынайды демекші өмір сынақтарға толы. Енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көре алмаушылық танытпай, өз мақсатымыз үшін күресе білуіміз керек. Барлығымызға қол аяқ,ой сана,бірдей уақыт,бірдей мүмкіндіктер берген сол себептен ешқашан мойымай өз мақсаттарымыз үшін,армандарымыз үшін күресуіміз қажет. Өзіміздің күшті жақтарымызды көрсетіп, әлсіздік, шарасыздық танытпауымыз керек. Біз өз өміріміз үшін өмір сүруге тиіспіз. Біреуге ренжіп неге оп оңай өле салуымыз керек, бақа ғұрлы жоқпыз ба? Бақа да өз өмірі үшін күресіп ақыры жеңіске жетті. Сол сияқты әрбәр сынаққа сабырмен, шыдаммен күтсек түбінде бір сый болатынын ұмытпаңыздар!
Адам өзін — өзі тәрбиелеп, алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауымыз қажет. Біз өмірде өзімізге мақсат қоя білеміз бе? Өмір — арпалыс, күрес.
Бұл жалғанда өмір күні қысқа
Бірер жыл мен қыс өтер.
Жүрегіңмен жол тауып,
Мақсатыңа қолың жетер
Адамның өмірі – Жаратқанның сыйы! Бірақ, өкінішке орай, көп адам бұл әлемге не себепті келгені туралы ойлана бермейді. Өзінен кейін саналы ұрпақ қалдыруға ұмтылмайды.
Адамдар қымбат тастарды бағалайды. Сол тасты көзінің қарашығындай сақтайды. Ал күнделікті өмірде қалай өмір сүріп жатқанына мүлдем дерлік мән бермейді. Уақытын бос өткізіп, теледидардың адында жатады. Бір күні сәті түсіп “Бұл өмірге не үшін келдім? Маған өмір не себепті берілді?” деген сауал қойылады. Жарық дүниені көру бақыты бұйырған екен. Оның бекер еместігі сөзсіз. Яғни біздің өміріміздің бір мәні бар. Өмір адамға бір рет қана беріледі. Әйгілі жазушы Островский айтпақшы, оны артымызға қарағанда өкініш болмайтындай етіп сүруіміз керек.
Мақсат – өмірдегі ең басты нәрсе. Ол армандарға ұмтылып, қалауыңды орындау дегенді білдіреді. Ол әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ, ол міндетті түрде болуы тиіс. Ол жоғары деңгейде, барша адамға пайда алып келетіндей болуы тиіс.
Абдуғали Айнұр Ануарқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі