Баубек батыр – қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысында әскери қолбасшы Кенесары ханның қол астында күрескен батыр. Баубек батыр 1820 жылы қазіргі Ақмола облысы Жақсы ауданы жерінде дүниеге келген. Руы Қарауыл – Мәшектің ұлы Қарт Бәлекей → Құлымбет → Бектауыл → Түркпен, Сарғалдақ, Жасқамыс. Сарғалдақтан Тастемір → Бекмырза → Баубек. Әкесінің ата-тегі дәулетті адамдар болған. Шешесі – Шұға. 9 жасында ата-анасынан айырылған ол Кенесары ханның әскер жинақтап жатқанын естіп, сонда келеді, ханның бәйбішесі Күнімжан оны туған ұлындай қабылдап, өсіріп жеткізеді. Бұл жерде әскери тәсілдерді үйреніп, есейген Баубек, әр тұрлі жорықтарға қатыса бастайды.
Қырғыздың Отыншы атты батырын жеңгеннен кейін батыр атанған ол, жорықтарда қайраттылығымен, жауапкершілігімен көзге түседі. Ұлт-азаттық көтерілісінде Кенесары ханның сенімді көмекшілерінің және ең басты батырларының бірі болды.Сондай-ақ; Баубек батырдың Кенесары ханның әскери кеңесіне мүше болғандығын әйгілі тарихшы ғалым Е. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарында» атты монографиясынан көреміз. Аталған ғылыми еңбегінде хан кеңесіне қатысқандардың арасында Қарауыл Баубектің аты аталады: «Кенесары шақырған кеңеске әртүрлі рулардың өкілдері: Бегімбет руынан Иман батыр, Арғының Төлек руынан Баубек, Керей руынан Қошқарбай батыр, Төртқара руынан Байгелді және Әйгер батырлар, Берді руынан Сүгірбай батыр келді... Кеңесте Торғай мен Ырғыз ауданын тастап кету туралы шешім қабылданды», - делінген. Әйгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романында да қарауыл руынан хан кеңесіне Баубек батыр кіргендігі айтылады.
Баубек батырдың Кенесары жасағы құрамында көрсеткен ерліктері нақты айтылмағанымен, 1838 жылдың 26 мамырында өткен әйгілі Ақмола шайқасына 18 жасар жас өреннің белсене қатысқаны еш күмән тудырмайды. Ханның жылқысын баға жүріп, сайыс өнерінің не түрін шебер меңгерген Баубек батырдың қару-қарымына қоса, әдіс-айласы мол болғандығын ол туралы жазып қалдырушылардың еңбегіне көруге болады. Жалпы алғанда Баубек батыр туралы Ахметхан Байжан, Баянбай Құсайынов, Мырзағали Дүйсенбаев, Мәтен Бижанов, Қорғанбек Аманжол, Зияда Нұржанов, Мұқат Мейірманұлы, Мейрам Сақышев, Тарғын Мақыжан және т.б. зерттеушілер, өлкетанушылар, ғалымдар мен журналистердің деректерінен хабардармыз және аталған конференция, астан кейін батырдың өнегелі өмірін зерттеу ісі қарқынды алға басады деген сенім зор.
Баубек батырдың өмір тарихы, ұстанымы – Кенесары ханның іс-қызметімен ажырағысыз астасып жатыр. Кенесары ханның Сарыарқадан кетіп, Жетісу өңіріне беттеуі – Арқадағы қазақ халқы үшін үлкен күйзеліс болғаны тарихтан белгілі.
У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті
Н.М.Тастеев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі