Арал ауданы, Қосжар ауылы
№67 орта мектебінің
8-сынып оқушысы
Жамбылбекұлы Шахмадин
Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!
Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін!
Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін!
Есірткісіз өмірдің ғажабына сенемін!
Жас дос, мен саған есірткі жайлы беремін. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты орасан зор. Біз жарқын болашақ иесі - саналы ұрпақ ретінде зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге, нашақорлықтың алдын алуға үйренуіміз керек. Жасөспірімдердің бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында көптеген іс-шаралай ұйымдастырылуда.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен еді. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза , танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын» насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек.
ХХІ ғасырда адам баласының басына төнген қауіпті эпидемия – нашақорлық қанатын кең жайды. Оның ауқымды мөлшері әрлі – берлі Қазақстан арқылы өтеді. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады
Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.
Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.
Салауатты мақсатымыз -өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Жауымыз-ішімдік пен нашақорлық
Ұстанайық бұл жолдан аулақ жүру!
Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ляззат ал үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Сөйтіп, денелерін улап тастайды нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызда.»
Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
Адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» екенін біліп, есірткіден аулақ болайық дегім келеді.
#УПНДПКЗО
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі