(Қазақ және ұйғыр қыздары Берікбала, Хасиет және Абиданың жолдаған хатынан үзінді)
Жас жауынгер Баубекке!
Сіздің «Менің өмір сүргім келеді» атты мақалаңызды бас қосып шын ынтамызбен оқыдық. Содан кейін достарым Хасиет пен Абиданың ұсынысымен осы хатты жазып отырмын. Біздер Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыспалы Қызыл ту алған «Октябрь» колхозы жанындағы жаңаша орта мектебінде оқытушы болып істейміз.
Сіздің «Менің өмір сүргім келеді» деген тілегіңізге дүние жүзіндегі прогресшіл - адам баласының бәрі ортақ. Оның ішінде Октябрь революциясынан кейін туған, жаңа
дүние құрып, бақытты тұрмысқа аяқ басқан Совет елінің миллиондаған жас ұрпақтары ортақ. Біз де сол жастармыз, біз бақыттымыз. Сіздің Жаннаңыз сияқты біз де қазақ халқының жас жауынгерлерінің сүйген жарымыз.
Өзіңдей жас достарымыз майданда, бірақ дәл қазір олардан еш хабар жоқ. Біз оларды сағынамыз, күтіп те отырмыз, аман-есен кайтып оралады деген үлкен үмітіміз де бар.
Кей уақытта терең ойға батып кетеміз. «Суық хабар» келіп қала ма деп те еріксіз ойға түсеміз. Ойды ақылға жеңгізетін болсақ, олардың дүние жүзіндегі адам баласының қас дұшпаны — жыртқыш фашистерді жеңіп келулерін, жеңбей қайтпауларын тілейміз. Біз де сіз сияқты жаспыз. Біз де өмір үлесін толық алғанымыз жоқ. Өмір үлесіміздің бірі — сүйгеніміз болса, бұлар сіз сияқты қан майданда өздерінін, туған елін жаудан қорғауда. Өмір үлесінің ең үлкен туған еліне — қоғамға еңбек сіңіру болса, біз әлі айтарлықтай еңбек сіңірген жоқпыз. Себебі біз жаңа ғана Совет мектебін бітіріп, өмірге жаңа аяқ басқан, болашақта ұлы бақытты кездеген жастармыз.
Досымыз, құрдасымыз, Баубек!
Осы хатты жазып отырғанда колхозшылардың жалпы жиналысы болып, онда председателіміз былай деді:
«Біздің колхоз үкіметке астық құю жоспарын толық орындап шықты. Тапсырмадан тыс 900 центнер дән бердік, керек болса майдан үшін, өзіміздің бақытымыз үшін тағы да береміз!»
Бүл сөз бізді шексіз үмітке бөледі. Себебі: кең байтақ Совет елінде миллиондаған тонна астық шығады, жер қайысқан мал өсуде, жер-анамыздан жұмысшылардың құрыш болат қайлалары темір, көмір, алтын, мыс, қорғасынды мың батпандап шығарып, мұнайды дариядай ағытуда. Міне, мұның бәрі майдан үшін, бәрі болашақ, бақытымыз үшін жасалып жатқаны анық.
Біз, оқытушылар, жас жеткіншектерді жаудан қайтпайтын қаһарман етіп тәрбиелеуге туған ел алдында ант етеміз.
«Бәрі жауды жеңуге, бәрі майдан үшін» деген ұран жалпы еліміздің ұраны. Бүл ұран майдандағы жауынгерлерімізді жеңіске, фашистерді құртуға бастайды. Сіздің жауды жеңіп, Коммунистік партиядан алғыс алып, өмір сүре беруіңізге тілектеспіз. Жанна досыңызды тауып бақытты тұрмысқа жетуіңізге тілектестік білдірін, осы хатты жолдаушы Берікбала Мұсаева.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі