Балалардың жазда көңілді дем алуы үшін, олардың келесі оқу жылына тың, жаңа күшпен келіп кірісуіне үлкен жағдай жасалып, балалар үшін ауасы кең, орман-тоғайлары жақсы жерлерден көркем лагерьлер ашылды. Мектеп балалары сол лагерьлерде дем алады.
Балалар! Әрине, бұл сендерге істеліп отырған үлкен қамқорлық, үлкен жағдай. Сондықтан сіздер мәдениетті дем алуға тырысыңыздар!
Демалысты күні-түні ұйықтау, болмаса күні-түні ойнау деп түсінбеу керек... ретімен ойнап, ретімен ұйықтау керек. Сонымен катар әрбір қызықты, керекті нәрселермен де шұғылданған жөн.
Әрине, сендер ойынды өте жақсы көресіңдер. Әркім, де сіздердің жастарыңызда, сіздердей уақыттарында ойнауды өте жақсы көреді. Бірақ ойында да, істе де уақытты дұрыс пайдалану керек. Ал нелер ақыл иелері: көсемдердің, ақын-жазушылардың, профессор, академиктердің, атақты ұшқыштардың өмірін, балалық шағын алсаңыздар өте қызық. Олар бала шағынан бір нәрсені білуге, үйренуге әуес болған, олар әдеби кітаптарды қызыға оқитын болған.
Мысалы, гуманист жазушы Максим Горький бала шағында кітапты сондай сүйген, ол кітап талғамай қолына түскенінің бәрін оқитын болған. Ол жастайынан кітапты ең жақын дос, ен жақын жолдас етті.
Мінеки, осындай ұлы адамдардың балалық шағында істеген істерін өнеге етіп өздеріңіз соларша тәрбиеленуге ұмтылғандарыңыз дұрыс. Әдебиет кітабын үзбей кеп оқығандарыңыз жөн.
Сіздер қыс бойы оқыдыңыздар, мектептеріңізде әдебиет үйірмелері болды. Сіздер онда ұйымдасып жұмыс істедіңіздер.
Енді жаз лагерьлерде де сіздер әдебиет үйірмесін ұйымдастырыңыздар. Лагерьдегі әдебиет үйірмесі өте қолайлы, өте көңілді болады. Өйткені сіздер әдебиет кітаптарын оқисыздар. Өздеріңіз өлең, әңгіме жазасыздар. Соларды ну ормандардағы, аяққа жібекше оралып жатқан көкорай шалғын үстінде отырып талқыласаңыздар, қандай тамаша!
Лагерьде ылғи мектеп оқушылары бірыңғай болыңыздар. Сіздер үйірмені мектептегідей лагерьде де ұйымдастыруларыңызға болады. Үйірме жұмысын көркем жазға, демалысқа арнаңыздар. Жасыл орманның сырт көрінісін, оның хош иісін, ондағы сайрайтын әнші құстарды суреттеңіздер. Міне, жаз лагерьде осыларды көзбен көріп, еркін отырып, біраз жасайсыздар. Және оған толық мүмкіншілік бар.
Сондықтан лагерьде әдебиет үйірмесін ұйымдастырып оқыған кітаптарыңызды талқылаңыздар. Жазған өлең, әңгімелеріңізді үйірмеде тексеріп, жақсыларын редакцияға жіберіп тұрыңыздар.
Демалыс уақытында, лагерьде болсын, басқа жерде болсын әдебиетпен шұғылдану мейлінше қажет, қызық кітаптарды оқу үлкен пайдалы нәрсе.
Әдебиет кітабын оқығаннан шаршап дем ала алмай қалам деп түсінбеу керек. Әдебиет кітаптарын теселе оқу керек, сүйіп оқу керек. Өздеріңізге керекті кітаптарды таңдап ала білу керек.
Сіздер оқыған кітаптарыңыздың ішінде ұнатқан геройлардың образдарын жаздыгүні лагерьде, мектепте ұйымдасқан үйірмелеріңіздің жұмыстарын және сол үйірмеде талқыланған, өздеріңіз ұнатқан жақсы өлең, әңгімелеріңізді редакцияға жіберіп отыруларыңызға болады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі