Повесть
Мырзахан мен Сейфолланың рухына
Бұл Шоққайың жер жаратылғаннан бар. Заманында Қуқарағай, онан Киізқала, онан Жегінші ауыл атанып, қарағайы қырқылып, киізі тозып, нөмірі көшіп кеткен соң отыз жыл бойы "Ұлы көсемнің" шекпенін жамылып еді, ол шекпеннің де кәдірі таусылып, жыртық -тесігінен жел гулей бастағанда құдай берген таз телпегіндей әуелгі Шоққайыңын қайта киіп алды. Әйтеуір, өзіне жарасады. Қайың тұрмақ қамшыға сап боларлық қызыл тобылғы табылмайтын қу тақырдың қайыңы қайда деп ешкім сұраған емес. Сұрағанмен сол қайыңның болған-болмағанын осы ауылдың жалғыз ақсақалы Бозағаңнан басқа білетін адам да жоқ. Оған да шүкір! Баяғыда "қалқоз бол!" — деп жарлық шыққанда Шоңмұрынның елу түтінін бұйдасынан жетелеп әкеліп Бүркіт бойына қондырған екен, Алтайдың мұзартынан арсы-күрсі құлап түсетін сол Бүркіт Күлместі сүзе-мүзе күркіреп әлі жатыр; жалғыз көшенің бойына телміріп, іргесіндегі екі бірдей өзенге иегін жеткізе алмай шермеңде болған жетім ауыл үркердей үйездеп әлі отыр; аш ішектей шұбатылып өзен кемерін сағалап кеткен елу түтінді жүз елуден асырып тастап, тоқсанға келген Бозағаң да Шоққайыңның ит жылдан бергі тарихының тірі куәсіндей тоңқаңдап әлі жүріп жатыр. Шүкір, сәлем берген немере, немене, шөбере-шөпшектен танымайтыны жоқ, сәлем бермегенді Бозағаң да танымаған болады. Мейлі, бүгінде кісі танымайтындар аз ба, кісі танығанға табынбайтындар аз ба?..
Бұл ауылда кім көп, Хан мен Бек, Мырзалар көп еді. Хан мен Бектен қасиет қайтып, мырзалық бұл ауылдан көшіп кеткендіктен бе, әлде бүгінгі Қайсарлар мен Қайраттар, Болаттар мен Қанаттардың пысы басты ма, кешегі ақсүйектер біраз азайыпты, барының өзін Ханы мен Бегін, Мырзасын қағып тастап тұқылын ғана қалдырса керек; көмпіс құлаққа бәрібір, көне құлаққа балтаның басын алып тастап сабын ұстағандай болады екенсің. Хан мен Бекті санап жатпай-ақ қоялық, Мырзақожа, Мырзабек, Мырзабай, Мырзахан, Мырзакелді, Мырзаберді, Мырзажандардың өзі де жеткілікті еді, сол аз болғандай ортасында Мырзамұхамбеті және барды. Бүгінде қызғаныштың да күйіп тұрған шағы, әлде кімдер пайғамбарлықты да қимай дардай Веттехник даңғарадай атының жармысынан айрылып қалды дегенді естідік. Шүкір, көлденең өткен көк аттының қанжығасын қиятын кездікті жандар Мырзасын да кесіп тастауға бар еді, әттең есімсіз қалатын болған соң аяса керек. Ит екеш иттің де аты бар, бүгінде иттің аты бұлды боп тұрған заманда, пілдей классигіміздің есімін овчаркаға беріп қойғанда Веттехник деген сөз боп па, тәйірі!.. Сонымен, бір ауылдың дардай веттехнигі пайғамбарлықты қойып, көп адастарының, көп мырзалардың единственный экземпляры боп жүріп жатыр...
Мырза елең-алаңда есік дүрсілінен оянды. Нұрбикенің қырық шумақ қыжыртпасы, алпыс шумақ ақылынан соң өзінің де қалжырап барып көз ілгені сол еді.
— Мына албастыны тағы да қатыны үйіне кіргізбей қойған-ау! Әй, ит-ай, әй ит-ай!..
Қиюы қашып, темір қырсауы салдырап кеткен қырық жылғы қартамыш есік қақырап түсетін болған соң дамбалшаң жүгіріп еді, бұл үйдің жөгермектері қайбір ұқыпты, резеңкесі бар, қайысы бар, қасаңы бар, өңшең бір балшық кептелген көп етіктер мен көн етіктерге өңкиіп барып құлады.
— Әй, ит-ай, сені де құдай алмады-ау!.. Жетті, жетті!.. Естіп жатырмыз! Естіп!..
— Естісең сол! Өтеу өліп қалды!
Көп етікті құшақтай есік көзінде төбедей боп жатқан Мырзаның тіл-аузы байланып, иек ұшындағы ілмекке қолының жетпей-ақ қойғаны; мұндайда аяқ астынан иығыңды зіл басатыны бар, ырғалып тұрғанша, ыңыранып тіл қатқанша жыл өткен сияқты болып еді. Онда да сасқаны ма:
— Неге өліпті? — деді ілмекті сипалап жүріп.
— Неге өлуші еді?!. Өлген адамнан неге өлдің деп кім сұрапты!..
Келіп тұрған Қараңқағырдың өзі екен. Дауысы шар етіп, шабынан бұрау түскендей ащы шықты. Әншейінде де байын баялығымен қорқытып, баласын жаялығымен сабап отыратын шақар қатын арыстай азаматынан айрылған соң ашынбағанда қайтсын. Әлгінде ғана "сені де құдай алмады-ау!" — деп кейіген Мырза, құлды Өтеуді өзі өлтіріп қойғандай енді есікті қалай ашудың, Қараңқағырдың бет-жүзін қалай көрудің есебін таппай қиналды.
— Омалып нағып отырсың?! — деп Нұрбике ту сыртынан жып-жылы құрсағымен келіп сүзбегенде әлі де тұра қоятын түрі жоқ еді.
Әуелде ақ түтек боран ба деп еді, ағын судай жосылған аппақ тұман екен. Тұман астында қазық бойындай саңылау бар. Нығарлап сары-май тыққан бесті сиырдың бүйеніндей тырсиған тоқ балтыр керзі етіктің далақтай қонышын жыртып бара жатыр екен. Өтеудің етігін, қос балтырдан Қараңқағырдың сызданған қазымыр желісін таныды. Ақ сілбіге тұншыққан Шоққайыңның басқа жұрты жайсыз қауесеттен әлі бейхабар сияқты. "Сорлының өлімі де соқыр тұманға тап келгенін қарашы! Әй, ит-ай, ашық күңді тосса ақыретсіз көмілетіндей асығып!.."
Наурыздың сұр қары әлі шегедей, тұмсығы сынбай тұрған. Жер қатқақ, сүрлеу қисық. Ебелектеп келе жатып екі дүркін ұшып түсті. Жүз жиырма қадақтан не ары өтпей, не бері кетпей қылтылдап тұрған мол денеге ие болу оңай ма, оңбай түсті. Аяғындағы резеңке кебісі екі басқа екен: бірі өзінікі, бірі бәйбішесінікі, екеуі де сол аяқтікі болып шықты... "Арамқатқырдың тұра жолда да теріс-қағыс жүруін! Тартпағыр, Нұрбикеден аумай қалғанын қарашы!.." Қыс пен жаздың бораны мен балшығында кім кисе де шақ болсын деп бұл елдің резеңке етіктің қонышын кесіп тастайтын әдеті; адаспайтын кезі, араламайтын үйі жоқ, тек түн баласында ғана есік көзіндегі көгенін табатын көп кебістердің Нұрбикеге түк қатысы жоқ еді. Тек, аяғы тұрмақ басы қисайса да бәйбішесінен көретін Мырза, сол бәйбішесінде кеткен есесін қайырғандай оң аяқтың теріс бағынған кебісін қасат қарға сүңгітіп-сүңгітіп алды да артына бір қарап қойды. Айтпаған сөзіңді, қозғамаған ойыңды қолқанда жатқаннан-ақ суырып алатын Нұрбике қыр желкесінен тыңдап келе ме деп қорыққан, шүкір, қуып келе жатқан ондай зауал жоқ екен. Әйтсе де, етегіңнен үрсе жең-жағаңнан шығатын желеміктің ызғары ма, әйтеуір, желкесінің тоңғанын сезді. Жейде-дамбалдың үстіне желбегей іле салған брезент сұлықтың қаудырлақ күләпәрасы қаңылтырдай қарып келеді екен. "Әй, ит-ай! Есі дұрыс пенде жарық дүниемен сиыр сәскеде, ең болмаса бесін намазда қоштасатын еді. Жұртты таң бозынан дірдектетіп!.. Қой дедім. Қойды ма?! Өлесің дедім. Ақыры өліп тындың! Ал, кімді қираттың?!" қоялық, Мырзақожа, Мырзабек, Мырзабай, Мырзахан, Мырзакелді, Мырзаберді, Мырзажандардың өзіде жеткілікті еді, сол аз болғандай ортасында Мырзамұхамбеті және барды. Бүгінде қызғаныштың да күйіп тұрған шағы, әлде кімдер пайғамбарлықты да қимай дардай Веттехник даңғарадай атының жармысынан айрылып қалды дегенді естідік. Шүкір, көлденең өткен көк аттының қанжығасын қиятын кездікті жандар Мырзасын да кесіп тастауға бар еді, әттең есімсіз қалатын болған соң аяса керек. Ит екеш иттің де аты бар, бүгінде иттің аты бұлды боп тұрған заманда, пілдей классигіміздің есімін овчаркаға беріл қойғанда Веттехник деген сөз боп па, тәйірі!.. Сонымен, бір ауылдың дардай веттехнигі пайғамбарлықты қойып, көп адастарының, көп мырзалардың единственный экземпляры боп жүріп жатыр...
Мырза елең-алаңда есік дүрсілінен ояңды. Нұрбикенің қырық шумақ қыжыртпасы, алпыс шумақ ақылынан соң өзінің де қалжырап барып көз ілгені сол еді.
— Мына албастыны тағы да қатыны үйіне кіргізбей қойған-ау! Әй, ит-ай, әй ит-ай!..
Қиюы қашып, темір қырсауы салдырап кеткен қырық жылғы қартамыш есік қақырап түсетін болған соң дамбалшаң жүгіріп еді, бұл үйдің жөгермектері қайбір ұқыпты, резеңкесі бар, қайысы бар, қасаңы бар, өңшең бір балшық кептелген көп етіктер мен көн етіктерге өңкиіп барып құлады.
— Әй, ит-ай, сені де құдай алмады-ау!.. Жетті, жетті!.. Естіп жатырмыз! Естіп!..
— Естісең сол! Өтеу өліп қалды!
Көп етікті құшақтай есік көзінде төбедей боп жатқан Мырзаның тіл-аузы байланып, иек ұшындағы ілмекке қолының жетпей-ақ қойғаны; мұндайда аяқ астынан иығыңды зіл басатыны бар, ырғалып тұрғанша, ыңыранып тіл қатқанша жыл өткен сияқты болып еді. Онда да сасқаны ма:
— Неге өліпті? — деді ілмекті сипалап жүріп.
— Неге өлуші еді?!. Өлген адамнан неге өлдің деп кім сұрапты!..
Келіп тұрған Қараңқағырдың өзі екен. Дауысы шар етіп, шабынан бұрау түскендей ащы шықты. Әншейінде де байын баялығымен қорқытып, баласын жаялығымен сабап отыратын шақар қатын арыстай азаматынан айрылған соң ашынбағанда қайтсын. Әлгінде ғана "сені де құдай алмады-ау!"-деп кейіген Мырза, құдды Өтеуді өзі өлтіріп қойғандай енді есікті қалай ашудың, Қараңқағырдың бет-жүзін қалай көрудің есебін таппай қиналды.
— Омалып нағып отырсың?! — деп Нұрбике ту сыртынан жып-жылы құрсағымен келіп сүзбегенде әлі де тұра қоятын түрі жоқ еді.
Әуелде ақ түтек боран ба деп еді, ағын судай жосылған аппақ тұман екен. Тұман астында қазық бойындай саңылау бар. Нығарлап сары-май тыққан бесті сиырдың бүйеніңдей тырсиған тоқ балтыр керзі етіктің далақтай қонышын жыртып бара жатыр екен. Өтеудің етігін, қос балтырдан Қараңқағырдың сызданған қазымыр желісін таныды. Ақ сілбіге тұншыққан Шоққайыңның басқа жұрты жайсыз қауесеттен әлі бейхабар сияқты. "Сорлының өлімі де соқыр тұманға тап келгенін қарашы! Әй, ит-ай, ашық күнді тосса ақыретсіз көмілетіндей асығып!.."
Наурыздың сұр қары әлі шегедей, тұмсығы сынбай тұрған. Жер қатқақ, сүрлеу қисық. Ебелектеп келе жатып екі дүркін ұшып түсті. Жүз жиырма қадақтан не ары өтпей, не бері кетпей қылтылдап тұрған мол денеге ие болу оңай ма, оңбай түсті. Аяғындағы резеңке кебісі екі басқа екен: бірі өзінікі, бірі бәйбішесінікі, екеуі де сол аяқтікі болып шықты... "Арамқатқырдың тұра жолда да теріс-қағыс жүруін! Тартпағыр, Нұрбикеден аумай қалғанын қарашы!.." Қыс пен жаздың бораны мен балшығында кім кисе де шақ болсын деп бұл елдің резеңке етіктің қонышын кесіп тастайтын әдеті; адаспайтын кезі, араламайтын үйі жоқ, тек түн баласында ғана есік көзіндегі көгенін табатын көп кебістердің Нұрбикеге түк қатысы жоқ еді. Тек, аяғы тұрмақ басы қисайса да бәйбішесінен көретін Мырза, сол бәйбішесінде кеткен есесін қайырғандай оң аяқтың теріс бағынған кебісін қасат қарға сүңгітіп-сүңгітіп алды да артына бір қарап қойды. Айтпаған сөзіңді, қоздамаған ойынды қолқанда жатқаннан-ақ суырып алатын Нұрбике қыр желкесінен тыңдап келе ме деп қорыққан, шүкір, қуып келе жатқан ондай зауал жоқ екен. Әйтсе де, етегіңнен үрсе жең-жағаңнан шығатын желеміктің ызғары ма, әйтеуір, желкесінің тоңғанын сезді. Жейде-дамбалдың үстіне желбегей іле салған брезент сұлықтың қаудырлақ күләпәрасы қаңылтырдай қарып келеді екен. "Әй, ит-ай! Есі дұрыс пенде жарық дүниемен сиыр сәскеде, ең болмаса бесін намазда қоштасатын еді. Жұртты таң бозынан дірдектетіп!.. Қой дедім. Қойды ма?! Өлесің дедім. Ақыры өліп тындың! Ал, кімді қираттың?!"
Әлгі Абдолдың Қойсарысы бесіктен белі шықпай жатып қағынған жаманына қатын әперіп!.. Оңған қатын болса бір сәрі, қасқыр сияқты жұлынған неме екен, түспей жатып тығылып темекі, жымқырып шарап тартады деген өсегінен-ақ сескеніп еді. "Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан" деген осы болды да. Арамқатқырдың арыстай азаматты жұтып тынғанын қарашы!..
... Қайта-қайта кісі салып шақырған соң бара қалып еді. Қайбір қимастықтан дейсің. Бүгінде қатын алса да, қатын жіберсе де бір енін ішінде сақтайтын ысқаяқтар той -томалағы мен азасының шығынын да ағайынның кәмбертімен қайтарып алатын болған жоқ па! Балалардың аузынан жырып берген Нұрбикенің жүз теңгесін бропускі қып баруын барды, дәстердей боп-ақ барды. Түрі-түсін бұрын-сонды Шоққайың көрмеген, аты-жөнін екі заманда Шоңмұрын әулеті естімеген өңшең бір ығай мен сығайлар, онан қалды осы ауылдың азғантай атқамінерлері мен азып бара жатқан қаратаяқтары силы бөлме, сырбаздың дастарханын тығындап-ақ тастаған екен, Қойсарының төрт бөлмелі үйі лепірген жұрттың сәңірейген танауынан-ақ қақырап кетейін деп тұр. Төргі бөлмедегі төрелерге жете алмай, бүйірдегі жастарға бата алмай ауыздағы кемпір-сампырлардың кимешек-шылаушының арасында қалған Өтеу жылап көріскендей:
— Оу, аюың қайда?! — деп алдымен Нұрбикені сұрағаны.
Жаның шықсын! Нұрбикені сағынып отырғаның! Келмей қалғанына қуанған шығарсың. Ай, бір өрісің кеңіп, арманыңнан шығатын болдың-ау!.. Веттехник сый тілеп жатпай, Өтеудің қасынан өрге озған жоқ.
— Аты теріс қайным, келін қайда? — деп кәрі жеңгесі Бибіажар да отырмай жатып тергеуге алғаны.
— Немене, мен адам емеспін бе?! Әлде қатынын кепілдікке жетелеп жүрмесе еркектің басы бүгінде қотқа жарамай қалған ба?! Әжептәуір кісі едім, атымды да теріс қойып!..
Қайнағасы тұрмақ байының есімі осылардың есінде ме екен?.. Кезінде аю соғатын қайран жеңгелер жесірліктің қасіреті мен жетім тірліктің тауқыметінен шөжіп, иегі жозығы жетпей қалған екен, көзі ірің, көкірегі тақтадай кеуіп отырып әлдебір қайнағаның аты кетеді деп "мырзаны" да Веттехникке қимай жатқанын қарашы!..
Бетінен танауы жалпақ, кеңсірігіне екі білем ет сыйғандай едірейген даяшы төргі бөлмеден кәрі жіліктің мүжуірі мен бір стакан арақты әулиенің асынан тәбәрікке әкелгендей-ақ ал келіп Өтеуге тықпаласын.
— Мен ішпеймін ғой, маған болмайды ғой, — деп Өтеу де өтірік қипақтаған болып жатыр, арақтан емес, Қараңқағырдың қиғаш көзінен жасқанатыны жалпақ жұртқа белгілі.
— Жә, аңдап жібер, селикоздан өлсең баяғыда – ақ тырқиып қалатын едің ғой! — деп даяшы да тақымдап қояр болмады. — Сыйлы адамдардың сарқытын қайтарма!
Онсыз да арт жағы бос Өтеу Қараңқағырдың көзін ала бере арақты сыңғытып жіберіп еді, бірақ, кәрі жіліктің мүжуірінен жұлып жей қоятындай зәкүске таппай қалды. Сәлемнің артында сәліңгірдей міндеті барын Мырза сезген, Өтеудің аузы босар-босамастан даяшы қолтығынан алды.
— Ал енді анау сыйлы қонақтардың алдына барып сыбызғыңды бір боздатшы!-деді. — Боздат! Көпке бұйырмаған өнерді езіп ішемісің!..
Өтеудің сыбызғы тартпағанына көп болған. Бірақ, кейде көкірек шіркінді күй кернеп кете ме, біреу қорасына шөп түсіріп жатса да арасынан қурай іздеп жүретін әдеті...
Біраз бұлданатын шығар деп еді. Өтеудің қолына қурай ұстату қойныңдағы құдай қосқан қатыныңнан қарыз сұрағанмен бірдей: әуелі берісі ауылға, әрісі алашқа сыйғызбай мақтауың керек, онан соң күшіктен кіші, иттен сүйкімсіз болып алтын басынды аяғына лақтырып тастауың керек. Әншейінде қатын-баласын түріп шығып, жаман үйінде жалғыз өзі көнектей болып көгеріп кеткенше күшене жатып күңіренетін Өтеу, кісі көрсе болды, құрсағын бұлдаған буаз қатыннан бетер кертитын қырсығы бар еді, бұл жолы құрық басынан бір бума шөп көрген жегінді есектей даяшының соңынан өңешін созып желе жөнелгені.
Қолынан орамалы кетпейтін, көзінің сорасы кеппейтін Бибіажар бастаған соқыр кемпірлер сыбызғының үні "Жорға аюдан" Саймақтың "Сары өзеніне" жеткенде мырсылға басқан. Әрі өңшең бір шерлі мұңлықтардың ортасында жаны шыдап отыра алмай, әрі есік көзінде елеусіз қалғанына намыстанып Веттехник той дастарханынан дәм татпастан тұрып кетті...
... Өкпең селикоздан көн болып қатып қалған деді дәрігер, арақтан қашып жүр, сыбызғыға жолама, зор келіп жарылып кетсе қолқаңа қан кептеліп тұншығып өлесің деді. Әй, ит-ай, қой дедім! Өлесің дедім! Ақыры өліп тындың ба?! Мырза оң аяқтың кебісін қасат қарға тағы да құситіп-құситіп жіберді... Атаңа нәлеттің қырсығы!.. Ойпырмай, осы қатын деген пәлекетті ойлап тапқан кім екен?!
Бозала тұманның сызынан бүрісіп қалған Өтеудің алқам-салқам ағаш үйі жылап тұр еді. Трәктрстің майға тойған жарғақ кепкесіндей жымырайған жадағай шатыры күресінге ықтаған таудай-таудай үрінді қардың бүйірін кәзірөгімен иіскеп отыр екен. Қараңқағырдың қарасын ауылдың арғы бетінен көрсе албасты қуғандай құйрығын қысып алып қашатын Веттехник Өтеудің от жаққан орнына осқырына қарады: қора-қопсыны мықшита шөгіп жатқан күртіктен аулаға кіретін жыртық тапсашы. Япырау, бұл ит үйінің төбесінен кіріп, төбесінен шығып күн кешкен бе?! Тәуба!.. Қайта осы уақытқа дейін тірі жүрген де!.. Қарыны қыр арқасына қабысып қалған біз тұмсық қара қаншық жау келгендей ойбайын салып еді... Кәззәптің иесінен аумай қалғанын қарашы!.. Жау көргеннен жаман шатынап ар жағынан Қараңқағырдың өзі де шықты. Бір коды мықынында:
— Әкет анауыңды! — деп бір қолымен есікті нұсқады.
Табалдырықты таптап, ашамайға қонақтаған шыбидай сирағы шитиіп Өтеудің өзі тұр еді. Көлдей шолақ дамбалдың ауын қолтығының астынан шырта буып, Қараңқағырдың иығынан қалған шұрық – шұрық түбіт шәлінің жұрынтығымен көкірегін тұмшалаған болыпты. Бас сүйектің ұясына кіріп кеткен шүңірек екі көз, кеуіп қалған қу маңдай мен сұп-сұры бет-жүзі табыттан тұрып кеткен өлікті елестеткен. Мырза өз көзіне өзі сенген жоқ, тек босағаның ар жағынан бірі жирен, бірі торы ала-қула бір табын баланың басы сығалағанда ғана:
— Әй, құдай атқыр-ау, өліп қалды дегенің қайда?! — деп, өлмей қалғанына құдды бір өкінгендей қараңқағырға ежірейді.
— Немене, өлтіре алмай жүр ме едің?! Өлтір осыдан! Өлтіріп көрші, өзіңе жармасайын!..
Қараңқағырдың баспалдақтан тепсініп түсе бергені сол еді, қара қаншық та арқаланып келіп Мырзаның тақымынан қарпып өтті. Әрі итіне талатып, енді итініп кеп көкірегінен итергендей тепеңдеген қорлығына шыдай алмаған Мырза Қараңқағырды қапсыра көтеріп Өтеуге қарай атып ұрған, екеуі бірдей опыр-топыр омақаса құлағанда бос қалған босағадан Веттехник де өңмендей кірді.
— О несі-ей, тірі адамды өлді деп!.. Арам қатқыр!..
— Өлмегенде несі қалды?! Әй, іркіттің бөшкесі, несі қалды деймін?! Осы үйге от жанбағанына бір апта. Бұрау отын жоқ!
—деп Қараңқағыр байының жамбасынан сирағын суыра алмай жатса да Мырзаның шалғайынан тілін босатқан жоқ.
— Сен ғой сары жамбас боп сиыр қораға түнесең де шабыңнан сыз өтпейді! Ал мына қақпыштың қатып өлмегенде несі қалды?! Тұршы-ей, әрі сереймей, немене, жатырың түсіп қалды ма?! Несі қалды деймін, әй іркіттің бөшкесі?! Несі қалды?!
Тілін зәнталақтың! Мырзаның есіне іркіт ашытатын Нұрбикенің бес қазандық өңезді бөшкесі түскенде ашуланудың орнына теріс қарап тұрып күліп алды. Қараңқағыр бұл күлкіні де босқа жіберген жоқ.
— Жетісіп тұрсың! — деді. — Жетіскеннен күліп тұрған шығарсың!..
— Күлмегенде қайтейін? Орманның ортасында отырып отынға жарымасаң да мен кінәлімін бе?..
— Сенің жарығаның сол ма, орманның ортасында отырып сенің қатының да қыс бойы отынды қарызға сұрап жағып, жұртты ығыр қылған жоқ па Осы үйдің алдына да көлденең шырпы жатқызбайтын болды. Тандыр жабам ба деп сақтаған жалғыз шорымықты да әй-шәй жоқ сұраусыз-ақ алып кетіпті!.. Ойбай белім!.. — Бөксесі бөлініп қалғандай кирелеңдеп барып есікті жапқан Қараңқағыр қайта айнала беріп жолында тұрған сарыбасты құйрықтан тартып жіберді. — Тумай кеткір!— деді, сосын бажырайып Веттехникке қарап еді, тұла бойындағы жұртты тамсандырар жалғыз мүшесі — ортасына қоңыр моншақ құйып тастаған жасыл жақұттай мөп-мөлдір шарадай көздері жасқа толып тұр екен, сынаптың қос бұршағындай екі тамшы ұзын кірпіктен үзіліп түсті.
"Тумай кеткірді" балаға айтты ма, Мырзаға айтты ма, белгісіз. Кімге айтса да өз адресіне қабылдаған Мырза төбесінен тоқпақпен ұрғандай тұла бойы шым етіп іші мұздап сала берді. Рас-ау, орманда отырып отынға жарымаған соң бұл дүниеге неме келген?!
Таптай-таптай таз болған саздың томарындай бір тал шаш қалмаған жалтыр төбесі түтіндеп Өтеу де өлейін деп отыр екен, дәп қазір оның уайымы отын емес, басқа бірдеме екенін мөлие қараған үмітсіз жанарынан таныды. Ит-ай, іңірдегі заһардың зардабы жанарыңды да өшіріп кеткен бе?! Қайтейін, ветпунктке жете алмайсың-ау. Жетер едің-ау, жібере қойса де... Қазақтың қатындарын кім білсін, орыс жұртының ұрғашысы түп-тұра елуіне дейін құрсағына дамыл бермей, байының бар-жоғын қақтап алады дегенді естіген жоқ еді, Лукерия он бір баладан соң көгеннің бұршағы, көрпенің пұшпағы жетпейтін болған соң зорға тоқтаған. Апта бойы жалын жұтпаған орыс пешінің үстінен, іргедегі ала -құла көрпенің астынан сығалаған ала-құла ұрық-шарқының есімдерін Лукерияның өзі болмаса Өтеудің есінде бар ма екен?.. Бөтенді қойып Нұрбикеге қол көтеріп көрмеген Мырза Қараңқағырдың бетіне қарай алмай осы үйден Өтеу емес, өзін өзі жерлеп шықты.
"Тумай кеткір!" Әйтеуір рулы елдің ұрпағы едік деген болмаса, Мырзаның Өтеу шаңырағына етене қатысы шамалы еді. Бірақ, заты Шоңмұрын екеуін егіздің сыңарындай теліп, бірін іздесе екіншісін ұмытқан емес. Бүгінде Қараңқағыр атанып, қазақтың тілін қарғыстан бастап үйренген Лукерияның "тумай кеткірінде" замандастықтан көрі туыстығына тастаған зілі бары рас. Өтеу селикоз болып пенсияға шығарып тастапты дегенді естіп Көктастың қорғасын руднигінен көшіріп алып келген де өзі еді. Алып келген "айыбына" ағайынның суыртпалығын да өзінің көтеруіне тұра келді. Әкеден қалмаса да әркімнің көмегімен тұрғызған қарашаңырағын Өтеуге қалдырып, әйтеуір бала-шағасымен жабылып жүріп жаңадан үй салды да өзі отау болып қоныс аударып шықты. Әуелде иісі бөлек бөтен жұртта Мырзадан басқа көзіне жылы ұшырайтын танысы болмаған соң жанашыр тұтып, аяғы мен асын бөлмей, сырын да, жырын да жасырмаған Лукерия келе -келе екі туып бір қалғанындай тұрмыстың жоқтығын, бала шағаның боқтұғына дейін Мырзаның мойнына артып қойған Жарымжан бай мал табар жарытымды іске жарамаған соң қайтсын. Кезінде үріп ауызға салғандай келіншек еді, орыс та болса ауылдың ұлы -кішісіне ошағынан дәм татқызып, түтіні түзу шыққан абысын-ажынның дастарханынан бұл да құр қалған емес-ті. Ажардың тозғанын айтпағанда Лукерия деген аттың өзі де адыра қалып, Қараңқағырға қаратып қойғам қиюы қашқан тірлік те. Мырзаның да майқанынан жарылып отырғаны шамалы, сонда да балалардың ағына деп бірер сауып, сорпа-суына деп аздаған қара мен он шақты ұсақ тұяқты Өтеудің алдына салып берген осы еді, "көтеремді көтерген сайын көтінен кейін кетеді" деген рас па, соның жем-шөбін де жөндеп тауып бере алмай, отын-суын да міндет қылып отырғанын көрмеймісің... Тірнектеп тапқан табысты тышқаншылап ағайын тасыған соң абысын арасындағы сыйластықта сұйыла бастаған, екі үйдің арасына ыдыс-аяқтың араласпағанына да біраз болып еді, Өтеудің өті жарылса да қыңқ ететін түрі жоқ, екі қатын қиқылдаса қалса да ел көзінше ұялатын Мырза. Қағынғаннан сау емессің деп Нұрбике қажап, қатыныңнан артыла алмадың деп Қараңқағыр тақымдап... Ойпырмай, осы қатын деген пәлекетті ойлап тапқан кім екен!.
Мырза есіктен кірген бойда босағада сүйеулі тұрған ақ балтаны жұлып алды. Плитаға күңірсітіп ас дайындап жатқан Нұрбике байының қолынан жылан көргендей тіксініп, аузын ашқан күйі сілейіп тұрып қалған. Мырза аяғының балшығын қақпастан төргі үйге тұра тартқанда ойбайын салып артынан жүгірді. Бірақ үлгере алмады... төрдің қақ басында дыриып ұйықтап жатқан кенже ұлын май құйрықтан былш еткізіп бір тепкенде оң аяқтың теріс бағынған резеңке кебісі қабырғаға барып былш ете қалды.
— Атаңа нәлеттің аумай қалғанын! — деді. Кебіске айтты ма, ұлына айтты ма, ол арасын Нұрбике аңғара алған жоқ, міне сала балтаға жармасқан. Шошып оянған Қадырхан алақтап әкесін танымай қалды.
Тұр! Анау трәктрді от алдыр! — деді. — Әйтпесе жіліншігіңді мына балтамен шабақтап отырып отқа жағамын! — деді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі