Өлең, жыр, ақындар

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Есірткі-адам ағзасып уландыратын қауіпті дерт. Қазіргі жастар бірінші темекі шегуден бастайды. Темекі есірткінің жақын досы десек болады. Адам ағзасын ерте улап,көптеген ауруға апарады. Есірткінің ең жаман жері үй тонап,өз туыстарын өлтіруге дейін апарады. Ондайдан мүлде аулақ болған жөн! Сонымен қатар есірткімен айналысып жүрген адамдар әр кезде қылмыс жасауға дайын болады. Қазіргі таңда жасөспірімдер жастарына қарамай, есірті пайдаланады. Ол мүлдем зиян,өз өмірлеріне балта шауып,ерте қартаю процесіне тым жақындатады. Есірткі пайдаланатын адамдардың тамаққа тәбеті болмай,ішкен тамағын құсып,жиі іші өтеді. Егер есірткіні 12-18сағат пайдаланбаса мазасы кетіп көзінен жас шығып,есірткіні іздей бастайды. Ол дегеніміз есірткіге тәуелді болып қалғанын білдіреді. Көбінесе,есірткіге тәуелді болып қалған жасөспірімдердің ата-анасы уайымдайды. Ата-ана уайымдап баласының болашағына алаңдайды. Нашақорлық – бұл есірткі заттарға еріксіз тартып тұратын, ағза қызметін қайтымсыз бұзылуларға алып келумен сипатталатын ауру. Есірткі санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады. Есірткілер – адам психикасының жағдайын, көңіл-күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар. Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Ал кейбіреулер есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ләззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас-қағым сәтте нашақорға айналып шығады.  Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат. Есірткіні бірінші рет қолданған мөлшердің әсері 3-4 сағатқа дейін сақталады. Мөлшерден тыс пайдалану жүректің тоқтап қалуына, өлімге әкеліп соқтырады. Есірткінің кейбір түрлері ауырғанды басу, тыныштандыру мақсатында тек мөлшерімен ғана медицинада қолданылады Жастарға қарап деннің саулықтың маңыздылығы соншалықты қадырсыз, төмен екені жаныңды ауыртады.  Өзін-өзі орнықтыру, әуес көру,топқа үйірсектік, жанұядан кетіп қалу, еліктеуге ұмтылу, құрбылары ортасында қалыптасқан дәстүр мен нормалар жасөспірімдердің есірткі қолдануына едәуір септігін тигізуде. Қоғам мен әлеуметтік орта бұл процеске өз ықпалын тигізуі қажет. Жанұяда ата-ана мен баланын арасында өзара түсініспеушіліктің, немқұрайдылықтың, ата-аналар тарапынан бақылаудың төмендігі- мұның бәрі есірткіге бой ұрудың себептері. Жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшелігі,атап айтқанда, өзін-өзі бағалау, құрбыларының ықпалыны көну, психикалық ауру-депрессиялық синдром, маниақалды синдром және мән беру синдромының жетіспеушілігі есірткіні қолдануды ертеректен бастауға себеп болады.  

Есірткінің   ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып калады. Міне, адамдардың нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Есірткіге берілмес үшін салауатты өмір салтын ұстанып,жақсы жолмен жүруіміз керек. Мен енді өзімінің қазақ еліме,жастарға,үлкендерге есірткіні пайдаланбауға кеңес беремін. Есірткі адамға ешқашан жақсылық әкелмейді! Сондықтанда салауатты өмір салтын ұстанып,бұндай жаман қасиеттерден аулақ болған жөн.

#УПНДПКЗО
Нажединова Жарқынай
8-сынып оқушысы
№177 орта мектеп
Сексеуіл кенті Арал ауданы Қызылорда облысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз