Студент: Бақтыбаев Асқар Молдабекұлы
Ғылыми жетекші: Саим Л.Н.
«Облыстық онкология орталығында пациенттерді хирургилық отаға дайындау туралы мейіргердің білім деңгейі»
Қызылорда облыстық онкология орталығының
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Кілт сөздер: онкологиялық пациненттер, ота түрлері, пациенттерді отаға дайындау, мейіргердің рөлі, шетелдік тәжірибелер, онкология, отадан кейін, онкологиялық хирургиялық ота ерекшеліктері, отадан кейінгі асқынулар, мейірбикенің рөлі, мейіргерлік күтім, пациент, науқастың туысқандары, скрининг, қатерлі ісік.
Тақырыптың өзектілігі: Қатерлі ісіктер жыл сайын 3,7 миллионнан астам жаңа жағдайларды және 1,9 миллион өлім-жітімді тудырады және бұл Еуропадағы аурушаңдық пен өлімнің екінші себебі болып табылады. Әлемде 2012 жылы 8,2 миллион адам қатерлі ісіктен қайтыс болды (аурудың жалпы санының шамамен 13%)Темекіні пайдалану мен алкогольді теріс пайдалану барлық онкологиялық аурулардың 40%-ын құрайды. Нақты сандар әр елде әр түрлі болады. Денсаулыққа зиянды диеталар, семіздік және жеткіліксіз физикалық белсенділіктің салдарын бірге есептегенде, денсаулыққа зиянды өмір салтымен байланысты қатерлі ісіктер пайызы 60% дейін көтеріледі. Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітімнің 40% алдын алуға болатынына қарамастан, қатерлі ісік ДДҰ Еуропалық аймағында өлімнің 20% үшін жауапты. Еуропа әлемдегі халықтың сегізден бір бөлігін ғана құрайды, бірақ дәл осы жерде бүкіл әлемде онкологиялық аурулардың төрттен бірі тіркеледі, жылына 3,7 миллион жаңа жағдай тіркеледі. Өкпе, сүт безі, асқазан, бауыр және тоқ ішек қатерлі ісіктері жыл сайын қатерлі ісік ауруынан болатын ең көп өлімге алып келеді.Темекі тұтыну - қатерлі ісік үшін ең үлкен қауіп факторы.
Халықаралық қатерлі ісіктерді тіркеу ассоциациясының дерекқоры болып табылатын Globoscan жобасына сәйкес, ең көп таралған қатерлі ісік: өкпе, сүт безі, ішек және қуық асты безгек - әлемдегі барлық онкологиялық аурулардың 42% -ын құрайды. Өкпенің қатерлі ісігі бүкіл әлемдегі ер адамдарда, ал сүт безі қатерлі ісігі әйелдерде жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы есебінде жаңа жағдайлардың 60% -дан астамы Африка, Азия, Орталық және Оңтүстік Америкада тіркелгені көрсетілген.Әлемдегі қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітімнің 70% осы аймақтардағы елдерде болады.Алайда, қатерлі ісік ауруы белгілі бір елдердегі жалпы өлім көрсеткіштерімен байланысты емес. Кейбір аймақтарда онкологиялық науқастарды емдеу және олардың өмір сүру мүмкіндігін жақсарту үшін көбірек ресурстар бар. Әлемдік статистикалық мәліметтерді келтіретін болсақ.
Статистикалық мәліметтер:
Онкологиядан болатын ауру мен өлім жақсы зерттелген. Көптеген елдерде қатерлі ісіктері бар пациенттерді міндетті тіркеу жүйесі қабылданды, бұл барлық көрсеткіштерді мұқият есепке алуға және болжам жасауға мүмкіндік береді.
Статистикаға сәйкес, онкология әлемдегі өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады: қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітім 20% құрайды, сондықтан патология 2-ші орында. Ғалымдар жақында қатерлі ісіктер жетекші орынға ие болады және жүрек-тамыр патологиясынан озып кетеді деп санайды.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы болжамдары бойынша 20 жыл ішінде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім мен сырқаттанушылық көрсеткіштері 2 есеге артады: аурудың жаңа жағдайларының саны 10 млн. - нан 20 млн. - ға дейін, ал өлім-жітім 6 млн. - нан 12 млн. - ға дейін өседі дамыған елдерде соңғы жылдары профилактика шаралары мен диагностика әдістерін жақсарту, сондай-ақ мамандандырылған көмектің сапасын жақсарту есебінен өлім-жітім мен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады.
2005 жылы қатерлі ісіктен 8 000 000-ға жуық адам қайтыс болды, олардың 70% - ы халықтың табыс деңгейі өте төмен дамушы елдерде тұрады. Дамыған елдерде өлім көрсеткіші тұрақты деңгейде немесе аздап төмендеп, Қызылорда облыстық онкология орталығының 2019 жылдық есебі бойынша жыл ішінде онкологиялық орталықта ем алған науқастар саны 34322, оның ішінде ауыл тұрғындары 17880, егерде науқастарды ем алу түріне байланысты талқылайтын болсақ: Хирургия бөлімі – 9298 пациентке ота жасалды, Химиотерапия бөлімі – 16425 пациентке химиотерапия жүргізілді, Сәулемен емдеу бөлімі - 7435 пациент сәуле емін алды, Жансақтау бөлімі – 1164 пациент жәрдем алды .
Зерттеу мақсаты: Облыстық онкология орталығында пациенттерді хирургилық отаға дайындау барысында мейіргердің білім деңгейін сауалнама арқылы анықтау.
Тәсілдер мен материалдар
Зерттеу жұмысы Қызылорда облыстық онкология орталығында жүргізілді. Зерттеуге барлығы 20 мейіргер қатысты. Мейірглердің барлығы хирургия бөлімінде қызмет атқарады.
Зерттеу түрі: Сапалық
Зерттеу дизайны: Жағдайды зерттеу. Сауалнама әдісі қолданылды.
Зерттеу объектісі: Қызылорда облыстық онкология орталығында хирургия бөлімінде қызмет атқаратын мейіргерлер арасында зерттеу жұмысы жүргізілді. Сауалнама Ресейде «Мейірбикенің онкологиялық науқастарға күтім жасауын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында жүргізілген зерттеудің сауалнамасына сүйене отырып сауалнама алынды. Зерттеу негізінде сауалнама алуға 20 респондент /мейіргер/ қатысты.
Зерттеу құралы: Сауалнама Ресейде «Мейірбикенің онкологиялық науқастарға күтім жасауын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында жүргізілген зерттеудің сауалнамасына сүйене отырып сауалнама алынды. Осы сауалнама арқылы облыстық онкология орталығында пациенттерді хирургилық отаға дайындау барысында мейіргердің білім деңгейін сауалнама арқылы анықтау.
Қорытынды: Қызылорда облыстық онкология орталығында 01.12.2020-31.12.2020жж аралығында «Облыстық онкология орталығында пациенттерді хирургилық отаға дайындау туралы мейіргердің білім деңгейі» атты сапалық зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеуге өз келісімдері негізінде 20 мейіргер қатысты, зерттеу нысаны ретінде сауалнама алынды.
14-ші сауалнама қорытындысы бойынша науқасты шұғыл операцияға дайындау кезінде мейіргердің іс-әрекеті деген сұраққа 25% - ы қате жауап берді.
15-ші сауалнама жауабы бойынша операциядан кейінгі ерте кезеңнің асқынуына не жатады? деген сұраққа 50% - ы қате жауап бергені анықталды.
16-шы сауалнама қорытындысы бойынша шұғыл отаға пациентті дайындау жоспары бойынша мейіргер қандай қызмет атқарады деген сұраққа мейіргерлердін 20% қате жауап берген.
Қорыта келе, Қызылорда облыстық онкология орталығында хирургия бөлімінің мейіргерлердің жұмыс пен білім деңгейі 80% құрады. Медициналық мамандарды даярлаудың жаңа бағыттарын әзірлеу және ашу. Онкология қызметкерлерінің білімін жетілдіру мен нығайту мақсатында кез келген тақырыптағы сабақтарын жиелетіп оларды арнайы алдын ала даярлаған кестемен өткізіп қана қоймай іс тәжірибе жүзінде жетілдіру.
Бағдарламалардың өзгермелілігі мен даралануын арттыру орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында мейіргер ісіндегі қолданбалы бакалавр мамандығын оқып даярлау. Медицина қызметкерлерінің білімін одан жоғары деңгейде арттыру үшін қызметкерлердің моральдық және қаржылық мотивация болуы, қызметкерлерді уақтылы бақылау үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі, мейіргерлік процесті ұтымды ұйымдастыруы, ота алдыңғы даярлықты одан жоғары денгейде жасау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ:
1. Барыкина Н.В., Зарянская В.Г. Сестринское дело в хирургии. - Ростов н/Д: Феникс, 2007г. – 447 с.
2. Барыкина Н.В., Чернова О.В. Сестринское дело в хирургии: Практикум. – Ростов н/Д: Феникс, 2008г. – 460 с.
3. Булынин В.И. Лечение ран / В.И. Булынин, А.А. Глухов, И.П. Мандров. Воронеж: Изд-во Воронеж. ун-та, 1998. – 248 с.
4. Гостищев В.К. Общая хирургия: Учебник. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 608 с.
5. Кузнецова В.М. Сестринское дело в хирургии. – Ростов н/Д: Феникс, 2000г. – 415 с.
6. Обуховец Т.П. Основы сестринского дела: Практикум. – Ростов н/Д: Феникс, 2006г. – 530 с.
7. Сестринское дело в хирургии: учеб. пособ. / под ред. М.Ф. Заривчацкого. – Ростов н/Д: Феникс, 2007г. – 640 с.
8. Справочник медицинской сестры. / под ред. Ю.Ю. Елисеева. – Москва: Эксмо, 2003г. – 895 с.
9. Справочник медицинской сестры по уходу. / под ред. Н.Р. Палесова. – Москва: Эксмо, 1993г. – 541 с.
10. Справочник медицинской сестры по уходу. /под ред. Н.Р Палеева . – Москва: ООО « Издательство «Новая волна», 2003.- 544 с.
11. Уход за больными в хирургической клинике: Учеб. пособие / А.Н.Беляев, С.А. Козлов, И.Б. Таратынов и др. – Саранск: Изд-во Мордов. Ун-та, 2003.
12. Справочник медицинской сестры по уходу / Под ред. Академика РАМН Н.Р.Палеева. – М.: Медицина, 1994. - 332 с.
13. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела: Учебное пособие в 2-х частях, ч.2. – М: Медицина, 1998. – 208 с.
14. Ш.С. Каратай. Хирургия медицины катастроф: Практическое руководство / Ш.С. Каратай, А.Ю. Анисимов, К.Ш. Зыятдинов. Казань: Медицина, 2001. – 256 с.
15. Овчинников В.А. Некоторые клинические аспекты терапии в хирургии. – Н.Новгород.: НГМИ, 2004. – 132с
16. Привалов В.А. Асептика и антисептика: Учеб. пособие для студентов медицинских ВУЗов / В.А. Привалов, Т.В. Катунькина. Челябинск: Изд-во «Челябинская гос. мед. академия», 2004. – 104 с.
17. Рехачев В.П. Острый живот. – Архангельский изд. центр СГМУ, 2003.
18. Уход за больными в хирургической клинике: Учеб. пособие / А.Н. Беляев, С.А. Козлов, И.Б. Таратынов и др. – Саранск: Изд-во Мордов. ун-та, 2003. – 136 с.
19. Учебное пособие по курсу общей хирургии. Тест-вопросы, методика выполнения практических навыков, ситуационные задачи / Под ред. В.Н. Чернова. Ростов-на-Дону: ЗАО «Книга», 2003. – 576 с.
20. Федеральное государственное бюджетное учреждение «Национальный медико-хирургический Центр им. Н.И. Пирогова» Министерства здравоохранения Российской Федерации На правах рукописи Крестьянинов Сергей Сергеевич Осложнения хирургических вмешательств, сопровождающихся цистэктомией, и их профилактика Специальность: 14.01.17 - хирургия Диссертация на соискание ученой степени кандидата медицинских наук Научный руководитель: доктор медицинских наук Костюк И.П.
21. ОРЛОВСКИЙ БАЗОВЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ТВОРЧЕСКАЯ РАБОТА По предмету: «Организация специализированного сестринского ухода» Тема: «Организация сестринского процесса в периоперативном периоде».Подготовила: старшая медсестра операционного блока МЛПУЗ «Городская больница им. С.П. Боткина» Анпилогова Ольга Ивановна.Проверила: Самовилова И.А.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі