Студент: Дуйсенбаева Эльмира Тойлыбековна
Ғылыми жетекші: Саим Л.Н.
«Көп бейінді облыстық ауруханасының №1 хирургия бөлімшесіндегі көктамырға қауіпсіз және ауырсынусыз инъекцияны орындаудағы мейіргер рөлі»
ШЖК КМК « Көп бейінді облыстық ауруханасы» №1хирургия бөлімшесі
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Кілт сөздер: Инъекция, қауіпсіз инъекция, қауіпті факторлар, науқас, статистика, шетелдік зерттеулер, көктамырға иньекция орындау техникасы, инновациялық технологиялар
Тақырыптың өзектілігі: Пациенттермен байланысты мәселелер үнемі өзекті болып табылады. Пациенттерді күтудің барлық қыр-сырын білу өте маңызды, өйткені медициналық мамандар және олардың емдеу үдерісіндегі рөлі көбінесе сапалы медициналық көмекпен анықталады.
Тамырішілік инъекция жасау – бұл ең маңызды мейіргердің негізгі жұмысының бірі, сонымен қатар, жүргізілген жақсы инъекция техникасы манипуляцияға қатысты емделушіге ауырсынусыз жүзеге асады. Алайда, манипулияцияны түсінбей, мейіргердің техникалық шеберліксіз өткізілген жұмыстары ппациентті қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Бастапқыда инъекция жүргізу дәрігерлік манипуляция болатын, бірақ, қырықыншы жылдары мейірбикенің міндетіне өткізілген (Beyea and Nicholl 1995). Қазіргі таңда мейіргерлер бұл манипуляцияны автоматты түрде орындай алады. Өйткені, қазіргі таңда мейірбикелік тәжірибе дәлелдерге негізделіп жүзеге асырылады.
ДДСҰ басшылығында (Guide to good prescribing, 1994) дәрілік затты инъекциялау үшін екі негізгі негіз бар: тез әсерге қол жеткізу қажеттілігі немесе инъекция енгізудің жалғыз тәсілі болып табылатын, оның көмегімен қажетті әсер алуға болатын жағдайлар.
Инъекциялардың көп болуына байланысты дәрілік заттарды парентеральды енгізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау проблемасы ерекше маңызға ие болады. ДДҰ анықтамасы бойынша," қауіпсіз инъекция — бұл реципиентке зиян келтірмейтін, медицина қызметкерінің қажетсіз тәуекелге ұшырамайтын және басқа адамдарға қауіпті қалдықтардың жиналуына әкеп соқпайтын инъекция " (TechNet кездесуі бойынша ДДҰ есебі, Вашингтон, 1994 жылғы 31 мамыр — 4 маусым. Geneva, WHO, 1994). Адам бойындағы медициналық инеге деген қорқыныш, яғни, инъекциядан қорқу- емдеуге немесе вакцинацияға кедергі келтіретін кең таралған мәселе. Мейіргердің тәжірибесіз өткізген жұмысының нәтижесінде адамдар арасында сенімсіздік пайда болады.Адамдардың 8%-ы шаншу алдында қатты қорқатындығы, ал қалған 16-ы мүлдем шаншу жасатпайтындығын мойындаған.Соның себебінен мейіргерлердің тәжірибесіз өткізген жұмысының нәтижесінде пациенттер арасында сенімсіздік пайда болады.
Сондықтан, осы тапқырып өзекті болып табылды,
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын 8-12 млрд инъекция жасалады, оның 1 млрд — қа жуығы-вакцинация кезінде балаларға жасалынатын инъекция. Әсіресе, дамушы елдерде және өтпелі экономикасы бар елдерде (бұрынғы КСРО, Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері) дәрілік препараттарды парентеральды түрде тағайындайды.
Зерттеу мақсаты: Көп бейінді облыстық ауруханасының №1 хирургия бөлімшесіндегі көктамырға қауіпсіз және ауырсынусыз инъекцияны орындаудағы мейіргер рөлін сауалнама алу арқылы зерттеу
Тәсілдер мен материалдар
Зерттеу жұмысы Көп бейінді облыстық аурухананың №1хирургия бөлімшесінде жүргізілді.Зерттеуге барлығы 10 пациент , 10 мейіргер қатысты. Мейіргерлер сол бөлімшеде қызмет жасайды.
Зерттеу түрі:Сапалық
Зерттеу дизайны: Көп бейінді облыстық ауруханасының №1 хирургия бөлімшесінде жұмыс жасайтын мейіргерлерге көк тамырға қауіпсіз және асқынусыз инъекция жасаудағы мейіргердің рөлін бағалауда зерттеу жұмысы жүргізілді. Бұл сұрақтарға жауап алуға және осы мәселе бойынша пациенттердің пікірін анықтау арқылы зерттеу міндеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сауалнама Ресей елінде жүргізілген мақалаға сүйене отырып жасалында. Мақала тақырыбы: Оқу-әдістемелік ұсыным В. Б. Петрова, А. И. Петрова, Е. С. Лаптева
Зерттеу объектісі: ШЖК КМК «Көп бейінді облыстық ауруханасы».
№1 хирургия бөлімшесі. Зерттеу негізінде сауалнама алуға 20 респондент /10пациент, 10мейіргерлер/ қатысты.
Зерттеу құралы: Сауалнамалар микс ретінде құрастырылды, яғни сауалнамалар Ресей елінде жүргізілген мақалаға сүйене отырып жасалынған. Мейіргерлерге сауалнама жүргізу арқылы білім деңгейлерін бағалау. Бұл сұрақтарға жауап алуға және осы мәселе бойынша пациенттердің пікірін анықтау арқылы зерттеу міндеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қорытынды: Көп бейінді облыстық ауруханасында 27.11.2020-04.02.2021 жж аралығында «Көп бейінді облыстық ауруханасының №1 хирургия бөлімшесіндегі көктамырға қауіпсіз және ауырсынусыз инъекцияны орындаудағы мейіргер рөлі» тақырыбында сапалық зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеуге өз келісімдері негізінде әр сала бойынша 10 пациент және 10-мейіргер қатысты, зерттеу нысаны ретінде бірінші сауалнама алынып зерттеу жүргізілді .
Сауалнама қорытындысы бойынша пациенттер дәрі-дәрмекті көктамырға қабылдағанды жөн көретін, заман талабына сәйкес ойлап тапқан гаджеттерді (жаңа технологиялар) байқап көретінін және қазіргі таңда елімізде инъекция жүргізуге арналған медициналық құрал-саймандарға сенім артатынын көрсетті.
Сонымен пациенттер арасында сауалнама нәтижесі 84%-ды көрсетті.
Мейіргерлерге жүргізілген сауалнама бойынша инъекцияны орындаудағы сақтық шараларымен мүмкін болатын асқынуларды білетіндігін және асқынусыз инъекция орындауда жаңа технологияларды қолдануға барлығы түгелдей қолдайтынын көрсетті . Мейіргерлер арасындағы сауалнама нәтижесі 96%-ды көрсетті.
Қауіпсіз және асқынусыз инъекция мейіргердің негізгі функцияларының бірі болып табылады және анатомия мен физиологияны, фармакологияны, психологияны, коммуникативті дағдыларды және практикалық тәжірибені білуді талап етеді. Сонымен қатар әр мейіргер кәсіби жауапкершілікті ұмытпағаны дұрыс. Себебі препарат парентеральді түрде енгізілсе, онда оны «қайтарудың» мүмкіндігі жоқ. Сондықтан әрдайым дозаны, тағайындалудың дұрыстығын тексеріп, кездесуді шатастырмау үшін науқастың атын нақтылау қажет. Сонымен: дұрыс пациентке қажетті дәрі, дұрыс дозада, уақытында және дұрыс жолмен салынса, бұл медициналық қателіктердің алдын алады. Барлық дәрі-дәрмектер тек өндірушінің нұсқауларына сәйкес дайындалуы керек, барлық мейіргерлер бұл дәрі-дәрмектермен қалай жұмыс істейтінін, оларды қолданудың қарсы көрсетілімдері мен жанама әсерлерін білуі керек.
Асқынулардың алдын алу үшін инъекция әдістерінің тиімділігін дәлелдейтін зерттеулер бар, бірақ әлі де зерттеулерді жалғастыру қажет. Себебі ғылым дамыған сайын жаңа иновациялық технологиялар пайда болуда. Бұл мақалада мейіргерлер осы процедураларды өздерінің күнделікті тәжірибелерінде қолдана алатындай етіп зерттелген дәлелденген әдістерге назар аударылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ:
1. Авхименко, М. М., Некоторые факторы риска труда медика / М. М. Авхименко // Медицинская Помощь . –2010 №2 .- с. 25-29 .
2. Акимкин В. Г., Селькова Е. П., Стэцюра И. С. и др. Организация деятельности больничного эпидемиолога и основные направления профилактики внутрибольничных инфекций в многопрофильном стационаре // Эпидемиол. и инфекц. болезни. 2010. - № 5. - С. 34-36.
3. Акимкин В.Г. Медицинская сестра основное звено в профилактике внутрибольничных инфекций // Сестринское дело. - № 5 - 6.- с. 42-43.
4. Акимкин В.Г. Концептуальная модель организации эпидемиологического надзора за внутриболыничными инфекциями в системе социально-гигиенического мониторинга. // Эпидемиология и инфекционные болезни. -2013.-№ 2.-с. 11-15.
5. Афиногенов Г.Е. Афиногенова А.Г. Современные подходы к гигиене рук медицинского персонала. // Клин. Микробиол. Антимикроб. Химиотерапия. 2014. - том 6 - № 1. - с. 65-91.
6. Безопасность иммунизации: Пособие для врачей. Под редакцией чл,-корр. РАМН, д.м.н., проф. Беляева Е.Н., доц. Ясинского А.А. Москва- 2014. -с.134
7. Белобородов В.Б., Митрохин С.Д., Стафилококковые инфекции // Инфекции и антимикробная терапия. -2013. № 1, т.5.- с. 12 -18.
8. Внутрибольничные инфекции: Пер. с англ./ Под ред. Р.П. Венцеля. -Издание 2-е переработанное М.: Медицина, 2014.- 840с.
9. Выговский А.А. Предупреждение внутрибольничных инфекций в поликлинических учреждениях. // Terra MEDICA nova. 2012. - № 1(25).
10. Дворецкий Л.И. Пожилой больной и инфекция // Инфекциии антимикробная терапия. 2012. - том 04 - № 6.- с. 180-187.
11. Дерябин Д.Г. Стафилококки: экология и патогенность. Екатеринбург: УрО РАН,2010. 238 с.
12. Зуева JI.П., Яфаев Р.Х. Эпидемиология:Учебник.-СПб:000 «Из-во Фолиант», 2014.-752с.:ил.
13. Зуева Л.П. Обоснование стратегии борьбы с госпитальными инфекциями и пути ее реализации // Эпидемиология и инфекционные болезни.- № 6.- 2010.- с.Ю -13.
14. Исаков Ю.Ф., Белобородова Н.В. Сепсис у детей. Москва, 2011.320с.
15. Клясова Г.А., Кандидозные инфекции в хирургической практике, РМЖ. 2014. - том 12, № 8. - с.548-561.
16. Кожарская Г. В. Некоторые аспекты внутрибольничных инфекций // Эпидемиол. и инфекц. болезни. 2010. -№ 5. - С. 46-47.
17. Козлов Р.С. Нозокомиальные инфекции: эпидемиология, патогенез, профилактика, контроль. Клин. Микробиол. Антимикроб. Химиотер. — 2010. том 2, № 1. с. 16-30
18. Колб Л.И. Основные причины постинъекционных осложнений в ЛПУ // Белорус, мед.журнал. 2012. -№ 2. - с. 21-26.
19. Кукеев Т.К., Алимжанов А.К. Гнойно-септические осложнения у больных наркоманией // Материалы третьего конгресса ассоциации хирургов им. Н.И. Пирогова. Москва. - 2011. - с. 629.
20. Кулешова Л.И., Е.В. Пустоветова, Л.А. Рубашкина. Инфекционный контроль в лечебно-профилактических учреждениях. Ростов-н/Д : Феникс, 2013 3592 с.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі