Адам өмірінің мәні - логикалық емес, философиялық ұғым. Жер бетіндегі кез келген адам бірегей тұлға. Ал тұлға ретінде адамның мінезі мен дүниетанымын қалыптастыратын өзіне ғана тән қасиеттер жиынтығы бар. Темпераментке, тәрбиеге және тұқым қуалайтын факторларға байланысты өмірлік құндылықтар мен адамның белгілі бір мәселелерге көзқарасы қалыптасады. Уақыт өте келе адам бойында қалыптасқан мінездерге сай адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгереді. Жасөспірім кезінде адам өмірінің мәнін достарымен көңіл көтеруден көретін болса, ал ересек жасқа қарай оның құндылықтары түбегейлі өзгеруі мүмкін және ол өмір мәнін отбасылық бақыттан, жайлылық пен тыныштықтан көре бастайды. Сондай-ақ, адам өмірінің мәнін жоғалтатын кездер де болады. Бұл әр адамның өмірінде кездесетін қиын кезең. Алайда, адам өмірінің мәнін қаншалықты жоғалтқанымен, бүкіл өміріне жаңа мән іздеу үшін ойлануы керек. Себебі. өмірінің мәні жоқ адам - рухани өлі адам. Өмірдің мәнін жоғалту адамның өмірін мағынасыз және пайдасыз етеді. Мұндай өмірде адам бақытты бола алмайды.
Адам өмірінің мәні неде деген сұраққа бірнеше жауаптар беруге болады. Кей адамдар өмірдің мәнін байлық пен даңқтан көрсе, басқа адам өмір мәнін сүйікті ісі мен хоббиінсіз елестете алмайды, ал кей адамдар жақындары үшін өмір сүреді. Әлемдегі тіршілік иелерінің бәрінде белгілі бір қажеттіліктер бар. Олар: тамақ, ұйқы, байланыс, махаббат. Кейбір жандар үшін өмірдің мәні осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген талпыныстардан туындап жатады. Мүмкіндігінше өмірдің мәні жайында көбірек ойланған абзал, жалпы, өмір мәні туралы ойлаудың да пайдасы зор. Бұл өзіңді түсінуге, алдыңа нақты мақсаттар қоюға және оларға жету жолында бар күш-жігеріңді аямай жұмсауға көмектеседі. Әр адамның өз өмірінің соңына дейін өмірдің мәнін іздейтіні мәлім. Оның мақсаты өмір мәнін табуда жатқан болар. Өмірдің мәнін табу арқылы адамзат мәңгілік бақытқа қол жеткізуі де ғажап емес.
У М. Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Ж. Н. Алиасқар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінің 1-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі