Қазақ халқының пейілі даласындай дархан,көңілі бұлағындай таза,жүрегі баладай аңғал ғой,шіркін...
Дархан даланың кеңдігіне қарап,тамсана да таңырқай қараймын.Қаратаудың самал лебімен бірге ілесіп,табиғатты тамашалаған маған əуеде қалықтаған қыран құстың еркін қанат қағып,заңғар биікке бет алғаны,сəйгүліктің жарыса шапқаны,қозы қуған бір топ баланың ойыны,қызғалдақтың баяу тербелісі,ауыл адамдарының сыйластығы менің жүрегіме жылылық ұялатып,туған жеріме еліме деген балғын махаббатымды тағы бір тербеткендей болды.Жүрегім аузыма тығылып,көзіме қуаныштың,шаттықтың жасы келгендей ме,қалай?Шіркін,деймін осындайда өзімше арман əлеміне қалықтап,қыранша паңданып,"Сен не істесең де бақыттысың,бүгінгі ұрпақ дегім келеді...".Мақтаныш кернеген көңіліме Елбасының кеше ғана жарық көрген "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласынан байқағаным кең өлкеммен мақтана да,марқая да алады екенмін.
Мақала екі тараудан тұрады:
1.Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт
2.Тарихи сананы жаңғырту
Осындай бөлімдерден тұратын жеті қасиетті санымен берліген мақалада ежелгі мекеннің өмір сүру қағидалары мен болашақтағы бірнеше жобаларды қолға алу керектігін өтеді.Ел ертеңін нықтай отырып,келешек ұрпақ бойындағы асыл мұраттар мен өткен күннің іргелі негіздерін қарастырады.
Сөзімді қорытындылай келе,ұлы жазушы Мұхтар Əуезовтің "Ел боламын десең,бесігіңді түзе"деген қанатты сөзі ойға оралады.Тəуелсіздікпен келген қасиетті рухани жаңғыру елімнің көсегесін көгертететіне сенімім мол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі