Өлең, жыр, ақындар

Қазақ атауының шығу тегі және оның мән-мағынасы

Қазақ — Қазақстан Республикасында тұратын жергілікті халықтың атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ.”Қазақ” сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, ”қазақ” сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды.Ал, басқа ғалымдардың пікірлері бойынша ”қазақ” сөзі XV ғ 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандары басқарған тайпалардың жалпы атауы болып келеді.

Ғалымдардың пайымдауынша, «сақ», «қас-пи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қа-сақ» секілді рулардың атаулары – «қазақ» этнонимінің туынды түбірлері.

Белгілі ғалым, түркі тілінің маманы В. Радлов көрсеткендей, «қазақ» сөзі «ерікті, тәуелсіз» деген мағынаны береді. Ғалым А. Самойлович бұл пікірді жақтаған. Ш. Құдайбердіұлы осы идеяны қолдап, «қазақ» сөзінің мағынасы өз алдында ел болып, еркін жүрген халық деп толықтырып жазды.

Қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов «қазақ» сөзі «өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты» дегенді білдіреді дейді. Тарихшы Ибн Рузбихан XVI ғасырдың жазбаларында былай деп жазған: «Әр жерде қазақтар өздерінің ержүректілігі, батырлығы, зор күшімен белгілі болған. Бұл туралы араб және бірқатар өзге тілдерде көп деректер кездеседі».

Тіл маманы Т. Жанұзақов «қазақ» сөзінің бірінші бөлігі – «қаз», «қас» – Орал, Алтай, Кавказ, т.б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген.

«Қазақ» сөзінің шығуы туралы ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлерін тұжырымдап, екі қорытынды жасауға болады: 1) «қазақ» сөзі «қас» және «сақ» атауларының бірігуінен шыққан.2)«қазақ» сөзі «ерікті адам» деген мағынаны білдіреді.

У.М.Джолдыбаева Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

М.Ш.Шалқарова Әл–Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінің 1-курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз