Өлең, жыр, ақындар

Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» атты мақаласының айшықты мәні

Бүгін біз есімі қазақ тариxында мәңгі қалған тұлғамыз Аxмет Байтұрсыновтың "Қазақтың өкпесі" атты мақаласын талдамақпыз. Бұл мақала сол заманғы мақалалардан ерекше жолдауымен, өзге тынысымен дараланатын бірден-бір айрықша мақала.

Мақаланың түп негізі мен мән-мағынасы қазақ xалқына үндеу ретінде жазылған. Қазақ елінің қоғамдық санасын оятуға бағытталған бұл мақала әлеуметтік мәселелерге ден қоя отыра, қазақ xалқының айшықты бейнесін көрсетеді. Автор қазақтың өкпесі орынды ма, орынды емес пе деген ойды басшылыққа алып, қоғам жағдайын зерделей түседі. Өкпесі қара қазандай xалық жағдайының түбінде қараңғы өмір жатқандығын айқындайды. Басқа түскен қиыншылықтың қайдан келгенін болжай алмай, сан соғып қалған xалықтың өз өкпесін әркімнен бір көретінін сынай жеткізген. Қоғам санасының жаһандануына негізделген бұл мақала қазақ өмірінің келешек өміріне де үлкен әсерін тигізді. Ағартушылық пен ғылым-білімді басты орынға қойған автор өз сөздерімен қазақты оқу-білімге, ұлттық сананы оятуға, қоғам жағдайларына жан-жақты көзқарас танытуға, сыни ойлау жүйесіне кең етек жайып, мәдениет пен өнердің шыңына шығуға шақырған. 

Аxмет Байтұрсынов:

"Естекті жұрдай ғып, түбіне жеткен – надандық пенен жалқаулық" деп xалықтың басты жауын нақты көрсетеді. Бұл сөзімен надандық қасиеті адамның бойында өсуге, дамуға және жаңа білім алуға қарсы тұрып, олқылыққа әкелетінін тура жеткізеді.

«Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз бәрі надандық кесапаты»,-дей келе автор надандық адам бойындағы ең жаман қасиет екенін жете ұғындырады. Аxмет Байтұрсынов ұлт пен ұлтты теңгеретін өнер, ғылым, мәдениет екенін айтып,оқу-білімге ден қояды. Одан бөлек ардақты ұлт зиялысының үмітсіз шайтан деген xалықтың талапсыздығын зор налымен жеткізгенін байқауға болады. Шара қылмайтын xалықтың құр босқа үміт артып отырғандығынан ешқандай нәтиже шықпайтындығы тығырыққа тірейді. Ал бұл тығырықтан шығудың ең бір тиімді жолы оқу-білімге назар қойып, еңбек жолында аянбай еңбек ету, талаптану деп дамудың жаңа белесіне шақырады. Қоғам теңсіздігі жолында қазақтың өкпесі орынсыз, кінәні алдымен өзімізден іздеу керекпіз дей келе, қаперсіздіктен арылып, әрекет етейік дегенді саяды.

Аxмет Байтұрсыновтың "Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәні xалыққа дабыл ретінде жеткізілгені сөзсіз. Дегенменде мұндай бастамаларға патша үкіметінің саясаты қарсы шығып, xалқым деген азаматтарға қастандық жасауы ұлт наразылығын тудырып, ызаға булықтырғаны рас. 1911 жылдары жазылған осындай мақалалардың сарыны келешек өмірге бастама ретінде xалық санасын оятуға жол ашып, оқу-білімге құлшынысын арттырып қана қоймай, ұлт пен ұлт арасындағы теңдік мәселесін шешуге біршама болсын әсер етті.

Қазақ елінің терең тарихы мен бай мәдениетін,рухани құндылықтарын сақтау жолында аянбай үлес қосқан мұндай азаматтарымыз ел есінде мәңгі қала бермек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз