Қазақстан жемқорлықтың салдарынан жылына 3,8 млдр доллар жоғалтады екен. Жемқорлық бойынша еліміз ритингтің көшін бастап тұр. Бұл қылмыстың түрі бір жылда бірнеше рет тіркеледі екен. Бұндай қылмыс көбіне етек алатын орындар-әкімшілік,полиция және қылмыстық атқарушы жүйенің жұмыскерлері.
Сыбайлас жемқорлық күннен-күнге азайып, таныс-тамырдың дәурені өтіп бара жатыр десек те, біздің мемлекет мұны түбегейлі жоюға әлі де қауқарсыз. Танысың жоқ болса жұмыс табуың қиын, оқуға түсуің де оңайға соқпайды. Елімізде жастар арасында жүргізілген сауалнамада студенттердің 95 пайызы танысың, «ағаң», «көкең» болмаса жұмысқа орналасу қиын деп жауап беріпті. Бұл жауапты біздің қазаққа тән менталитет деп ақтап бере алмаймыз. Себебі, мұндай келеңсіз жағдайлар әлі күнге дейін орын алып отырғаны ақиқат. Бұл алдыңғы қатарлы мемлекеттерде де күрмеуі шешілмеген қиын мәселе. Десе де, жақсы жұмыс орнына орналасу, қалаған оқу орнында оқу үшін барлық мәселені таныс-тамырға тіреп қою қате түсінік. Таныссыз да танылып, табыс тауып жүргендер қаншама?! Қарым-қабілеті мол маманға қай жерден болса да жұмыс табылары анық. Білімі мол студентке қандай ЖОО болсын өз есігін ашары хақ. Біздің мемлекет тауып алған танысынан гөрі, озық ойлы жастарға өте мұқтаж! Түйін Болашаққа қадам басқан әрбір кемел мемлекет өз ертеңін өзі ғана жасайды. Жемқорлық жойылмаған мемлекеттің келешегі күңгірт, болашағы бұлыңғыр. Сыбайлас жемқорлық ғасыр дертіне айналмай тұрғанда мемлекет бұл қылмысқа шектеу қоюы тиіс. Қазақстанның әрбір мекемесінде таныс тамырына сүйеніп жұмыс істеп жүрген жандарға халық өз болашағын тапсыра алмайтыны белгілі. Ендеше ел болып сыбайлас жемқорлықпен күресіп, ұлт болып қарсы тұрайық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі