Ұлттық бірлік, жаңашылдыққа деген ұмтылысы мен талмас күш-жігер қасиеттері барда қоғамдық сана жанданады. Мысал келтірсем; туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту мақсатындағы бағдарлама, шаралар көбейсе, ғылым мен технологияларды жан-жақты меңгеруге жол ашылып, бағыт-бағдар көрсетілсе.. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Қоғамдық өмірдің әрбір кезеңіне қарай өмір сүру үшін өзгере білуінде әрі соған сәйкес әрекет етіп, оны ұлттың озық тәжірибесімен ұштастыра білу, міне, дамудың белгісі. Алайда сол әрекет барысында ғасырлар қойнауынан жеткен қазаққа тән әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, болмысымыздың ерекшеліктерін де қатар алып жүруіміз тиіс деп ойлаймын. Ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, оны жаңа заман жетістіктерімен, жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту қажет. Жаңа бағытқа бет-бұрыстың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтау. Тарихи тамыры тереңде жатқан, ұлтымыздың күні бүгінге дейін бәрінен жоғары бағаланатын қасиеттері, солардың тұжырымдалған формуласын ұлттық код деп айта аламын. Біздің ұлттық кодымыз– ұлттық болмысымыз. Яғни бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты міне сол ұлттық код. Қазіргі жаһандану кезеңінде жойылып кетуден аман қалуын ойлайтын әрбір халық алдымен өзінің байырғы рухани-тектік қасиеттерін мейілінше жаңғыртып, осы арқылы заманауи ғаламдық бәсекелестікке төтеп бере алу жағын ескеріп отыр. Ұлттың басқа бір ұлттан даралануы ол ең алдымен өзінің діні, тілі, дәстүрі, мәдениеті емес пе? Сондықтан ең алдымен ұлттық кодты, яғни өз болмысымыздыы жолғалтпағанымыз абзал деп есептеймін. Рухани кодымыздың бастысы, ұлттың күллі қастерлі ұғымдарын, қасиеттерін бойына жиған өзегі тіл болып табылатыны құпия емес. Міне, сол қасиетті ана тіліміздің қуаты бүгінде әлі де алаңдатады. Турасын айтқанда, мемлекеттік мәртебесіне қарамастан, қазақ тілінің қолданыс аясын тиісті дәрежеде кеңейте алмау, бұзу, дұрыс сөйлемеу, тіпті мүлдем ұмыту өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың жүйесін сақтай алмауға әкеліп соғатыны анық.
Кейде біздің болашаққа мақсатымыз айқын ба деген сұрақ мазалайды.. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бірі болу барлығының арманы деп ойлаймын. Ол үшін ұлттық менталитет пен мәдениет құндылықтары жүйесінде өмір сүруде алдыға мақсат қоя білу және әрекет ете білу керек. Менің ойымша ол үшін жастардың қателесуіне жол бермей маңызды және ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, теріс ағымдардың елге еніп кетуіне жол бермеген жөн. Қоғамдық сананың өзгеруі зымыраған мына уақытта, Қазақстанның дамуының негізі болатын тұрақтылықты, бірлікті, татулықты нығайтуға мүмкіндік беретіні анық. Сол үшін де аянбай еңбек етіп, еліміздің қажырлы да қайратты, ешкімге ұқсамайтын дара мемлекет екенін айқындауда әрқайсымыз барынша күш-жігерімізді салайық!
Бүркітбаева Ақбала Амангелдіқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі