Ахмет Байтұрсынұлы - Қазақ үшін қасиетті есім.Ол өз ұлтының бағы жану үшін өмірдің барлық саласына араласты. Бұған оның атақ-даңқы дәлел. Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы... ретінде жақсы біледі.Ахмет Байтұрсынұлы журналист ретіндеде талай еңбектер қалыдырып кеткен.Өзінің бар ғұмырын қазақ халқына арнаған Ахмет Байтұрсыновтың барлық мақалалары делік ел-жұрттың мәселесін шешумен ұлт тағдырына арналған еді.Сондай озық әрі өткір мақалаларының біріне «Айқап» журналының 1911 жылғы №2 санында жарияланған «Қазақтың өкпесі» мақаласын айтуға болады. Өзінің мақаласын Ахмет Байтұрсынов «қамсыз жатқан қазақтың көңіліне соңғы кезде ғана кіре бастады. Басқа келген нәубеттің қайдан келгенін, кімнен болғанын біле алмай, әркімнен көріп өкпелейді. Пайдаланып отырған жерін мұжыққа алып берді деп үкіметке өкпелейді. Қазақ жерін қазыналық етуге неге көнген өткендерге өкпелейді.» деп деп бастап қазақ халқының бойындағы керек емес,артық енжарлық мінездердің бар екенін әрі өздері қолда бар алтындарының қадірін білмей,соңында өздері кінәні тек өзгеден көретінін,өзінен басқаның бәріне өкпелейтінін айтып қазаққа одан арылу керек екенін ескертеді.Мақаланың келесі бір жолдарында «Біздің заманымыз өткен заманның баласы, келер заманның атасы. Атадан қалған мирасымыздың жайы мағлұм, балаға бұл қалыпта тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық әулиелік қажет емес. Көп жұртта да ғылым, өнер кем, бәрі қарайлас тең заманда қазақ та қалт құлт етіп өз алдына хан болып жүрді. Хандары да, халқы да ғылым өнерді керек қылмаған. Бірімен бірі жауласып, басқа берекелі жұмыс ойланбаған.» Ахмет Байтұрсынов сол кездегі өте актуалды тақырып жер мәселесін көтереді.Қазақтың болашақ ұрпағына қалдырар жерінің енді Ресейдің жерлерінің қатарына еніп бара жатқанын айтып,соған ашынып өрмекті сөзбен өз жұртына ішіндегі ызасын шығара отыра оларға өнер-білімнен мақұрым екенін айтып,надандықты биік санайтынын және де дәл осы әсерінен ұлттық болмыстарын сақтай алмай қалатын болуы мүмкін екенін айтады.Қазақ халқының тек найза алып жауласа алатынын және соны мақтан тұтатынын айтып,тек одан бөлек мәдениетпен өркениеттің де маңыздылығын түсіндіреді. « Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе?» деп қазақ халқының аянышты,мән – мағынасыз сүріп жатқан сергелдең өмірін осылай көрсетеді.Және сол арқылы өзінің қазақ халқына айтқысы келген түпкілікті мақсаттарын осындай сөз тізбектері арқылы көрсетеді.«Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазақстан айырылатын емес. Надандықтың кесапаты әр жерде ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айырылмай ақ келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз - бәрі надандық кесапаты.» деп надандықтың қазақ халқының ең бір қауіпті жауы екенін меңзеп, одан құтылу керектігін,егерде құтылмайтын болса халықтың құрдымға кететінін айтады.Жалпы,Ахмет Байтұрынов өз мақаласында өзінің қазақ халқына деген наразылығын айта келе,болашақ қазақ халқының тағдырының жарқын болуы бізге байланысты екенін айтады.Сондай-ақ дарынды тұлға жалқаулықтан құтылып,өнер,білім сынды көркем мәдениеттерге ұмтылу керектігін насихаттайды.«Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ.» деп қазақтың Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынов өзінің «Қазақтың өкпесі» мақаласында өзінің сөзін осылайша қорытындылап жалпы, қазаққа білім мен өнердің маңыздылығын ескерте отыра,надандықтан арылу керектігін ашына отыра сөз сөз маржандарымен тізбектеп жазған.
Едилхан Айсауле әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1 - курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі