Өлең, жыр, ақындар

Мұқағали Мақатаев кеші

Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында қазақтың ұлы ақыны, аудармашы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына арналған  Шығыстану факультетінің, Қытайтану кафедрасінің,шетел филологиясы:қытай тілі мамандығының студенттері 15.02.2021 жылы Мұқағали Мақатаевтің кешін  ұйымдастырды. Мұқағали Мақатаев – 1931 жылғы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында Хантәңірі тауының етегінде  дүниеге келген. Онжетіжасар ақынның шығармашылық жолы «Советтік шекара» газетінде 1949 жылы алғаш жарияланған «Қырманға», «Қойшы бала-Әкітай» өлеңдерімен басталады.М.Мақатаев шығармаларының көпшілігі  газет-журналдарда жарияланды, өлеңдері 1951 жылы жарық көрген «Жастар жыры» жинағында басылды.Сонымен қатар М.Мақатаевтың  шығармашылық мұрасында аудармалар ерекше орын алады. Мақатаев Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосты.  Ақын шығармашылығының басты тақырыбы: туған өлкесі, Отаны, қазақ халқының тарихы, Анаға,  өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге құштарлық, мейірімділік, әйелге махаббат туралы. Ақын қысқа өмірінде, соңына жарқын поэтикалық із қалдырды. Ол 1976 жылы қайтыс болды. 1981 жылы Мұқағали есімі көше атауына беріліп, ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды.Ал, 2002 жылы Алматы қаласындағы Мақатаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы гүлзарға ақынның қола ескерткіші орнатылды. Республика бойынша мектептерге, скверлерге, саябақтарға Мақатаев есімі берілген.2000 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Осы іс шара бойынша барлық 54 студент атсалысып, куратор-эдвайзердің Шарыпқазы Нұртәліптің басшылығымен бәрі сәтті өтті. Осы іс - шараның арқасында, ақынның көптеген еңбектерімен танысып қана қоймай, олардың мән-мағынасын түсінуге тырыстық. Болашақта осындай іс-шаралар көбірек өтсе деп үміттенемін. Өйткені, біздің ақындарымыздың шығармашылығымен танысып өзіміз ғана үйреніп қоймай, келешек ұрпаққа да оны таратамыз


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер