Таңғы шуақ көкжиектен көрінген

Басты бет / Әңгімелер, Мақалалар / Таңғы шуақ көкжиектен көрінген

Таңғы шуақ көкжиектен көрінген — Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі материал.

Материал — Мақала, әңгіме — осы тақырыптарға байланысты.

[ ] Будильник даусынан емес, ағамның өшір!, деген ашулы үнінен ояндым. Жып-жылы төсегімді, қанбағам ұйқымды қимай-қимай ояндым. Будильникті өшірдім. Үй іші тып-тыныш. Кимімді киіп, терезеден далаға қарасам күн енді шығып келеді. Дала тұтас көлеңке. Есікті өз ыңғайымен, өнерлеп тұрып, дыбысын шығармай ашатын қасиетім бар еді. Есіктің ашылғанын өзіне де білдіртпей ашып, сыртқа шықтым. Даланың қанығын, кереметтігін айтып жеткізу мүмкін емес. Тап-таза ауамен тыныштықтың керемет үйлесімін бір жағымсыз үн құртты. Ол иттің баласы лайка күшігім. Мені көре сала аласұрып, үріп жатыр. Әрине мені жақсы көргеннен емес, қарнының ашқандығынан. Даладағы ас үйге жүгіріп барып 2 үзім нанды суға бір малып алдым да, алдына лақтыра салдым. Үні өштіде қалды. /Таңертең ерте тұрғандағы негізгі мақсатым, мені тағатсыздана күтіп тұрған, қадірменді 42 тауықпен 1 қоразыма тамақ беру үшін еді. Олар менің келе жатқан даусымды естігеннен гүбірлесіп бірдеңе десе бастайды. Содан тауық қораға кіріп жем салатын ыдыс алып шығамын. Менің тауықтарымда не үрку, не қорқу деген жоқ болатын. Менімен жағаласатында жүретін. Ыдысқа төрт тостақ кебек(кебек дегеніміз тауыққа беретін бір пәле. су қоссаң талқан сияқты болады), 1 тостақ бидай салып, сумен араластыра бастаймын. Таңғы астарын дайындалу жолын, тамашалап тұрған тауықтар ағаш шарбақты(ал шарбақ деген, қоршау) жарып өтердей ұмтылады. Тамақ дайын болғансоң, сыртқы жынды есіктен кіремін(жынды есік дегеніміз, топсасы сымнан жасалған, бағытсыз, бағдарсыз, ашуға тиіп, жартылай ашылатын жексұрын есік). Қолымдағы жем толы тостақты төгіп алмай, 42 тауықты шығарып алмай, бір керемет ептілікпен кіремін. Ішке кірген соң, қарбалас басталады. 42-сі 42 жақтан маған қарай ұмтылатындары соншалық, мені жеп қоюға дайын. Қолыма бір уысын алып, жем салатын астауға саламын. Салып жатқанда қолымның шұқылмаған жері қалмайды. Кейде жем аяғыма түсіп кеткенде, аяғымдағы жем таусылғанша әлек болам. /Тамақтарын беріп, суын құйып болған соң, еңбегімнің ақысын аламын. Мен келеді деп 14-15 жұмыртқаны, жаңа піскей таба нандай ып-ыстық қылып дайындап қояды. Үйге келіп, қолымдағы кебек қалдығын жуып, төсегіме келіп жатамын. Қолымнан кебектің иісі аңқып шығып тұрады. Сол иіс жүрегіме ыстық сезім ұялатады.

Жылдар өтіп, қария болған шағымда кебектің иісі мұрныма кездейсоқ ілініп, көзіме жас келетіндей. Бұл жас, балалық шағыма деген ыстық сезіммен, бір керемет сағыныштың жасы болары анық.

Закиров Омар:"Алғабас" шығармасынан үзінді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңғы шуақ көкжиектен көрінген деген не?

Бұл бетте Таңғы шуақ көкжиектен көрінген тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Таңғы шуақ көкжиектен көрінген материалы Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі басқа материалдар Мақала тақырыбындағы материалдар әңгіме тақырыбындағы материалдар Omaromar16 жариялаған басқа материалдар