Көшпенді халықтың хал-жағдайы көрсетілген, кезеңдік мәні бар ірі оқиғалар өз кезеңімен ғана шектеліп қоймайды, тек өз уақытында ғана тани қоюға келмейді. Ондай құбылыстардың түп тамыры тереңдге бойласа да, ғасырларды көктей өтіп, дәуірлермен үндесіп, астасып жатады. Бұл сөзіміздің жарқын айнасы ретінде махамбет Өтемісұлын айта аламыз.
Иә, Махамбеттей батырдың тал бойы мен тағдырында дәуірлер болмысы көрініс табады. Ірі тұлға 1803 жылы Ішкі Бөкей Ордасында, Нарын құмында дүниеге келеді. Найза ұстатып, жауға қоятын Кіші жүздің Беріш руынан тараған. Махамбеттің өзі “Өтемістен туған он едік ” деп жырлағандай, осы он ұлдың ішінен ерекшесі Махамбет болған. Оның бойына батырлық, ақындық, күйшілік, шешендік сынды қасиеттерді дарытқан. Осынай асыл қасиеттердің барлығын шашау шығармастан асқақ арман мен мұраттарға қызмет етті. Қара басының ғана қамын ойламай, бүкіл жұрттың, елдің қамын жерді, мұңын шақты. Осы тұрғыда иманғали Тасмағамбетовтың сөзін келтіріп кетсек: “Махамбеттің өзінің болмыс-бітімін ең алдымен ел мүддесіне қызмет етуге бағыттаған, сөз құдіретін, өзінің поэтикалық дарынын төңкерісшілердің қаруына, идеологиялық үніне бейімдеген.” Махамбетті зерттеген қай тұлғаны, ғалымды алып қарасақ та, ол батырдың жан-жақты болмысын зерттеуге тырысады. Батырлығы, ақындығы, күйшілік өнері – бәрі-бәрі сөз етуге тұрарлық. Батырлығы өз рухын көтерсе, ал ақындығы халықтың рухын көтере алды деп білемін. Мұндай қасиеттерге өзі өмір сүрген дәуірінің де ықпалы мол болды. Қазақ даласын билеген Жәңгір ханның саясаты Махамбеттің көңілінен шықпай, хан алдында тайсалмай сөйлеп, ал соңы болса ірі көтеріліске ұшырағаны бәрімізге аян. Яғни, Махамбет айтқан сөзін орындап, езгінің нәтижесінде батырлық танытып, қол бастап, Жәңгір ханға қарсы шыға алды.
Көтерілістің қалай тұтанып, қалың қауға тиген өртше көкке шалқып, сосын ақыры қалай қанға боялып өшкені халықтың жадында. Исатай – Махабеттің сарбаздары хан мен төрелердің, байлар мен билердің ауылдарын шауып, малдарын айдап әкетті. Хан қайыны, қаныпезер Қарауылқожа, Шыман-төре, Балқы-би құсаған әбден жәбірі өткен жауыздардың үйінің шаңырағын ортасына түсіріп, жазықсыз жәбір көрген көптің кегін алды, кеткен мал-мүлкін қайтып әперді.
Көтерілістің ең кемеліне жеткен шағы - 1837 жылғы октябрьдің аяғында Исатай сарбаздарының екі мың қолмен Хан Ордасын қамауы. Исатай осы жерде Махамбет айтқандай «құрулы жатқан жебеге құрсағынан шалдырды». Батыр әлі де болса ханмен келісімге келмек пиғылда еді, Қарауылқожаны орнынан түсіріп, хан өзі Ордада әділ тәртіп орнатады деген сенімде еді. Халықтың бар мұңы мен шерін, арманы мен үмітін көкірегінде қорытқан Исатайдың бұл сенімі ақталмады, олай болуы тарихи-объективтік тұрғыдан мүмкін де емес-ті. Арада бір-екі жұма өткеннен кейін Тастөбедегі ұрыста артиллерия қолданған патша әкері Исатай мен Махамбеттің қолын қырып салды, екі батыр қырық шақты жолдасымен Жайықтың бергі бетіне өтіп кетуге мәжбүр болды. Ақыры келесі жылы жазда Ақбұлақ суының бойында тағы да патша әскерімен айқаста Исатай Тайманов қаза тапты да, одан сегіз жыл өткенде Махамбает Өтемісовты Баймағанбет сұлтанның жалдаптары айуандықпен өлтірілді.
“Махамбеттің адам таң қалатын жері де, сол бола берместің бәрін болдырта білгендігінде ғой. Алдымен Махамбет болу қиын, ал Махамбет болғасын батыр болу да, күйші болу да оп-оңай сияқтанып тұратындығы да осыдан шығар,”- деп Әбіш Кекілбаевжазып кеткендей, Махамбет өзінің “Қара нарға” артқан жүгін толықтай өтеді деп сеніммен әрі мақтанышпен айта аламыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қозыбақова Ф.А. жетекшілігімен Амангельдина Қания
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі