Телефонға телміріп, түкке тұрғысыз сан мың ақпаратты алуға машықтанып қалған жастардың саналары, көп нәрсеге алаңдамайды. Ал бұндай жастарға ие мемлекеттің болашағы бұлыңғыр.
Өз елі, халқы үшін, туған жері үшін бір хайырлы іс істеу, оны жүрекпен сүю, тілін, әдеп ғұрпын құрметтеу, ұлтының сан ғасырлық тарихын білу бұл әрбір азаматтың борышы. Егерде дәл осындай сана сезіммен бала тәрбиеленіп өсетін болса, оның хайыры көп болары анық. "Ел мәселесі-менің мәселем" деп өскен баладан қалай ғана айналып кетпейсің. Адам өзінің сүрген өмірінде тек өз қамы үшін еңбек етпеуі керек. Өз елі үшін, айналасындағылар үшін қам жегені абзал. Қазіргі таңда жастардың көп бөлігі, уайымдатарлық іс танытып жүр. Даму жолында емес, күйреу жолында аянбай еңбек етеді. Санаға сыймайтын мың-сан жаман, ерсі нәрселерге құмар. Ұлттық сана сезім мен ұлттық болмыстан ада.
Әлеуметтік желіде өзінің қадір қасиетін кетіріп, қазаққа тән емес, қазақы былай тұрсын жалпы адамзат баласына тән емес қылықтар жасайды. Ал бұл ісінің ұят, дұрыс еместігін айтсаң өзіңе қарсы шабады.
Қазіргі кезде көрші елдерге еліктеушілік белең алған. Мұхтар Шаханов атамызды"Батыстың цивилизациясын аламын деп, канализациясына түсіп кетпеңдер" деген сөзінен, қазіргі жастардың қайда түсіп кеткенін байқауға болады.
Менің ойымша бұл көрші елдердің саясаты. Ұлттық құндылықтарын жоғалқан, өзінің кім екенін білмейтін халықты басып алу оп оңай.
Қазіргі жас жеткіншектер, 20-30 жыл ішінде мемлекет басшысына айналады. Бұнымен не дегім келеді. Болашақ, жастардың қолында. Ал сол жастардың бүгінгі ессіздігі, кейін тұтас елдің қасіретіне алып келеді. Сондықтанда елдің тұтастығымен, болашақтың жарқындығы үшін есімізді жиып, санамызға саналы нәрсе ойлатайық.
Омар Закиров
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі