Қуаныш ағамыздың "Екінші болма" кітабы адамды жетістікке жетелейтін,шабыт беретін,ерекше өр-тұлғалы кітап.Басқа кітаптардан айырмашылығы да осында.Кітапты оқысаң,"мынау мен ғой" деп таңырқап қалатын жерлері де болады.Тіпті,жағдаяттарды сипаттап,одан шығу жолын да көрсетеді.Екі адамды мысалға ала отырып сипаттап,айырмашылығын бейнелейді.Біріншімен екіншінің айырмасын дəлелдер келтіре отырып сипаттайды.Бұл атауына да тікелей байланысты.Бірінші адам,еңбекқор,адал,үнемшіл,өз алдына мақсат қойып жете білетін жан.Ал екінші адам,жалқау,жатып ішер,ақшаны дұрыс жұмсай білмейтін,мақсаты жоқ,ыңғайлы шеңберден шыға алмайтын адам.Осылардың айырмашылығын қарастырып,екінші адам болма деп айтып отыр.
Автордың кітабында көтерілген мәселелер мен түйіткілдер əр қазақ үшін,əр адам үшін маңызды дүние.Кітаптағы кеңестерді пайдаға асыра білсең,өмір жолың өз ойлағаныңдай қалыптасады.Қазіргі қоғамда "аузына беріп тұрған талшықты" шайнай алмайтындар көп.Қарап отырып таңырқайсың.Түсініксіз тілде жазылмаған.Бəрі де қазақша,тілі түсінікті əрі жеңіл.Бұл кітап сізді жаңа деңгейге шығаруға көмектеседі.Маған сеніңіз.Бəрі кеш емес.
Дамып өміріңді өзгерту де,əлемді өз еркіңмен өзгерту де ешқашан кеш емес.Қандай тұрмыстық жағдайда да,қандай сипатта да сен "ЖЕҢІМПАЗ" болуға лайықтысың.Жеңімпаздың əрекеті дер кезінде əрекет ету,жылдам ойлап,жылдам əрі тиімді шешім қабылдау.Ал құрбан-бұл синдром.Онымен сен өмірге өкпелеп жатып аласың.Ол дер кезінде жетістікке жету жолын іздемейді.Кейбіреулерге бұл-"зона комфорт".Егер мұндай проблемамен өмір сүрсеңіз,бұл сізді тұңғиық шырмауға əкететін таңдауыңыз.Екінші болма кітабында да,құрбан болмау керектігін айтады.
Есіңде сақта "Сен сылтауды құртпасаң,сылтау сені құртады".
Тұрғанбек Бибіфатима
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі